Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

13/04/2023

Үкіметаралық келісімдер аясында ҚХР жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды

Биыл Қорытынды комиссияның шешімімен 37 қазақстандық ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Соңғы шешімді ҚХР қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарын жыл сайын ұсынып отырады.

Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.

Жалпы алғанда, үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантура

Толық оқу
бөлісу

06/04/2023

Елордада Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында «Technology Commercialization Point» диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылым мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ саладағы жас ғалымдардың рөлі және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері жөнінде сөз қозғалды. Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы IT, инновациялар, инженерия, индустриялық технологиялар саласында кадрлар даярлау қажеттілігін ерекше атап өтті.

«М

Толық оқу
бөлісу

05/04/2023

ХБО МЕН ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біз барлық үміткерге тең жағдай жасауға үлкен мән береміз. Әсіресе, Қазақстан өңірлерінде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша көшпелі сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру ерекше маңызды», - деп атап өтті Олжас Сәкенов.

Меморандум тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін біліктілікті арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтарының тізіміне осы сала мама

Толық оқу
бөлісу

05/04/2023

«Болашақ» түлегінің бастамалары арқасында қазақстандық студенттер Пенсильвания мемлекеттік университетінде грантпен оқиды

«Болашақ» түлегі, «Мамандығым болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев Пенсильвания мемлекеттік университетін тәмәмдаған. «Болашақ» түлегінің атсалысуымен оның өзі тәмәмдаған америкалық жоғары оқу орны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, білім беру саласында бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр.

Былтыр ғана Самғат Ермекбаев Пенсильвания мемлекеттік университетінің өкілі - Стефен Барнесті Қазақстанға шақырды. Осылайша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің америкалық университет өкілімен кездесуі өтті. Сондай-ақ, сапар барысында Стефен Барнес «Болашақ» түле

Толық оқу
бөлісу

03/04/2023

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанда «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталды. Үміткерлердің құжаттары 2023 жылғы 28 сәуірге дейін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоға

Толық оқу
бөлісу

30/03/2023

ПОЛЬШАДА ТЕГІН ОҚУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстандықтар үкіметаралық гранттар аясында Польшада тегін білім алады. Еліміздің 11 азаматы Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқи алады.

Польшада тегін оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар ағымдағы жылғы 14 сәуірге дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады. Грант академиялық оқу шығындарын өтейді, докторанттарға ай сайын стипендия төленеді.

«Үміткер тіркеуден өткен кезде оқу бағдарламасын және мамандықты таңдайды. Оқыту поляк немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Поляк тілін меңгермеген үміткерл

Толық оқу
бөлісу

29/03/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Президенттік стипендия жүзеге асырылған жылдары 860-қа жуық отандық маман медициналық бағыт бойынша дайындықтан өтті. Олардың 50% - дан астамы әлемнің үздік ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.

«Болашақ» түлектері озық медициналық технологияларды пайдалана отырып, күрделі кардио-және нейрохирургиялық оталар жасайды, бірқатар Ұлттық медициналық орталықтарда, Ұлттық ...

Толық оқу
бөлісу

29/03/2023

«STIPENDIUM НUNGARICUM» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ МАЖАРСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен өткен үкіметаралық гранттар жөніндегі қорытынды комиссияның шешімімен 250 қазақстандық үздік мажар жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Жалпы биыл конкурстық іріктеуге 900-ге жуық үміткер қатысты.

«Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Венгрия тарапы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтарға жыл сайын «Stipendium Нungaricum» бағдарламасы арқылы Мажарстанның жетекші жоға

Толық оқу
бөлісу