Жарияланған күні:
23 тамызда Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Португалия Елшісі Мария де Фатима Мендешпен (Maria de Fátima Mendes) кездесті.
Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасына енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді. Қатысушылар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.