Жарияланған күні:
Кездесуге "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлектері онлайн және оффлайн форматта қатысты.
Жиын барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Олжас Сәкенов 2019 жылғы іріктеу тәжірибесі туралы айтып берді.
Кездесу барысында түлектердің өзекті сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Азамат Жолманов және Ерлан Әбіл жауап берді.
Сондай-ақ жоба талантты жастар үшін әлеуметтік лифтпен қатар, мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға зор мүмкіндік беретіні туралы айтылды.
Биыл құжаттарды қабылдаудың үшінші легі басталады. Үміткерлерді тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ол үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы керек: