Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҮШІНШІ ЛЕК ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруыңызға болады.

Тізім