Өзекті жаңалықтар мен анонстар
21/04/2023
Электрондық үкімет порталында техникалық жұмыстарҮміткерлер үшін ақпарат
Құрметті үміткерлер, 2023 жылғы 21-23 сәуір аралығында Электрондық үкімет порталында техникалық жұмыстарға байланысты «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау қызметі қолжетімсіз болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
20/04/2023
ХБО және Италия елшілігінің өкілдері ғылыми тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаластыБүгін Халықаралық бағдарламалар орталығында Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Италияның Қазақстандағы Елшісінің 1-хатшысы Винченцо Спинеллимен кездесті. Отандық ғалымдар үшін Италияның үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, зерттеу бағыттарын кеңейту, халықаралық ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасу, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы жайлы сөз қозғалды.
Олжас Сәкенов биыл «500 ғалым» жобасы аясында алғаш рет әлемнің 34 елінен 420 ЖОО, ғылыми-зерттеу орталығы мен ұйым тізімі жасалғанын айрықша
20/04/2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ СЯМЭНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІТараптар қазақстандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Кездесу барысында Сямэнь университетінің магистратурасы мен докторантурасында тегін оқуға гранттар ұсыну мүмкіндігі туралы сөз қозғалды.
Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен жыл сайын тағылымдамадан өтеді және бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл біздің ғалымдар әлемдегі жетекші жоғары оқу орындар мен ғылыми орталықт
20/04/2023
Ауыл акушер-гинекологы, «Болашақ» стипендиаты: «Мақсатым – ауыл медицинасын дамытуға үлес қосу»Әйгерім Жандос Қостанай облысы Әулиекөл аудандық ауруханасының акушер-гинекологы. Қазір ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы Израильде тағылымдамадан өтіп, гинекологиядағы инновациялық технологиялар мен жедел әдістерді қолдану саласында біліктілігін арттырып жатыр.
«Болашақ» бағдарламасының арқасында шетелде құнды тәжірибе алып жатырмын. Шетелде білім алуға көбісінің шамасы келе бермейді. Ал «Болашақ» стипендиясы білім алу үшін бүкіл жағдай жасап, тек білімді меңгеруге мүмкіндік береді», - дейді Әйгерім.
Әйгерім шамамен төрт жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Әулиекөл ауылына жұмыс іс
19/04/2023
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ТЕГІН ӨТЕ АЛАДЫДенсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен салаларында жұмыс істейтіндер, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырады.
2023 жылы «Болашақ» арқылы тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді, кандидаттар конкурстық негізде іріктеледі.
Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сонымен қатар үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және шет тіл мен ме
18/04/2023
Таиланд Корольдігінің гранттарыТаиланд Корольдігі жетекші таиланд университеттерінде оқуға гранттар ұсынады. Қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, сондай-ақ студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша оқи алады.
Оқыту ағылшын немесе тай тілдерінде өтеді.
Үміткерлердің Таиландтың 10-нан астам жоғары оқу орнында оқуға мүмкінідгі бар. Ауыл шаруашылығы, инженерия, ақпараттық технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, фармацевтика және т. б. бағыттар бойынша білім алуға болады.
Өтінімдерді тікелей қабылдаушы ЖОО-ға тапсыру қажет.
13/04/2023
Беларусь ЖОО-ларында оқуға арналған гранттарҚазақстандықтарға Беларусь ЖОО-ларында магистратура, бакалавриат және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға арналған гранттар ұсынылады. Өтінімдер 2023 жылғы 25 сәуірге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
Қазақстан азаматтарына 6 грант бөлінді:
Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту орыс тілінде өтеді.
Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
2) тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.
Ережелермен келесі сілтемеден танысуға болады: h...
13/04/2023
ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ұлытау облысына бардыСапар Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Олжас Сәкенов облыс әкімдігімен жаңа техникалық Ұлытау университетін ашу мәселесін талқылады. Бастамаға қолдау білдіріп, университет өңірдегі ғылым мен технологияның дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ сапар барысында «The Ulytau Educational Foundation» қорының өкілдерімен, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен, канадалық серіктестермен, Ұлытау облысының медициналық колледж оқытушыларымен және мектеп директорларымен кездесті.
Қазақстанның жаңа өңірі үшін «Болашақ» бағдарламасымен медициналық және