Жарияланған күні:

IT- компанияларымен кездесу

2024 жылғы 26 қаңтарда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қазақстандық және халықаралық жетекші IT-компаниялардың өкілдеріне АТ жоспарлары туралы онлайн түрде презентация жасады.

Кездесу барысында Басқарушы директор Е. М. Сырлыбай қатысушыларды орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, ақпараттық өнімдердің ағымдағы жай-күйімен егжей-тегжейлі таныстырып, орталықты цифрлық трансформациялау жоспарларымен бөлісті.

IT саласының сарапшыларын жинаған кездесу IT саласының сарапшы қатысушылары арасында белсенді пікір алмасуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті және цифрлық экожүйені дамытуда бірлескен күш - жігер үшін қолайлы кеңістік құруға себептесті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар белгіленген цифрлық бастамаларды табысты іске асыру үшін өз идеялары мен ұсыныстарынмен бөлісті.