Жарияланған күні:

БІР РЕТ БАСУ АРҚЫЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТТАР: "БОЛАШАҚ"БАҒДАРЛАМАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

Құрметті Стипендиаттар,

Біз сіздердің көптеген өтініштеріңізді естиміз және сіздерге жаңа цифрлық мүмкіндікті – Болашақпен онлайн келісім-шарт жасасуды ұсынуға қуаныштымыз! Біз бұл процесті одан да ыңғайлы, заманауи және ашық ету арқылы сіздің жайлылығыңызға мән бердік.

️«500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту және «Болашақ» тағылымдама бағдарламалары конкурсының жеңімпаздары,

2024 жылдың 30 қаңтарында келісім-шарт жасасудың онлайн тәртібі басталғанын хабарлаймыз.

Келісім-шарттар жасау үшін әрбір стипендиатқа кураторлардан сілтеме (WhatsApp-қа, электрондық пошта мекенжайына) жіберіледі

фото.jpg