Жарияланған күні:

ИРАНҒА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ

Иран Ислам Республикасына білім беру грантына құжаттар қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының әйел студенттеріне стипендиямен білім беру гранттарын Әл-Захра университеті береді. Бакалавриат (4 жыл), магистратура (2 жыл) және докторантура (2,5 жыл) бағдарламалары бойынша оқуға болады.

Ескерту: Оқу парсы тілінде өткізіледі.

Әл -Захра университеті 1964 жылы құрылған және Иранның жетекші университеттерінің бірі. Иран мен Таяу Шығыстағы жалғыз әмбебап әйелдер университеті, Ұлттық университеттер қауымдастығының және Ислам әлемі университеттері Федерациясының мүшесі.

Аталған университетте тіркелу 2024 жылдың 10 наурызында аяқталады.

Шарттар мен қажетті құжаттар тізімі қосымшада.

Нұсқаулық - көру үшін басыңыз

фото.jpg