Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

12/05/2023

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАРТАПЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТА ЕҢ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Досжан Жүсіповтің медициналық стартапы Global Startup Awards халықаралық конкурсында Best VerTech startup 2023 номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Конкурстың финалы Дания астанасы Копенгагенде өтті. Қазақстандықтар Кения, Нигерия, Түркия, Дания, Өзбекстан және Норвегиядан келген бәсекелестерді басып озды. Конкурсқа барлығы 120 елдің командасы қатысты.

Болашақшының «Cerebra» атты инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге барынша жылдам әрі нақты инсультті диагностикалауға көмектеседі. Жасанды интеллект 4 минуттың ішінде инсультті анықтайды және бас миының нақты карти

Толық оқу
бөлісу

11/05/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БРИТАНИЯ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Лондонда өткен 19-шы Дүниежүзілік білім беру форумының шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов бірқатар жетекші британдық жоғары оқу орындарымен кездесті.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының жеңілдік санатындағы стипендиаттары үшін тілдік курстарды ұйымдастыру, отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдаманың академиялық оралымдылығы жөнінде мәселелер талқыланды.

Дүниежүзілік білім беру форумы – бұл, бүкіл әлемнің білім беру саласындағы жетекші сарапшыларын бір алаңға жинайтын ауқымды іс-шара. Биыл бұған 118 елдің сарапшысы қатысты.

Бұған қоса

Толық оқу
бөлісу

10/05/2023

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жыл сайынғы 19-шы Дүниежүзілік білім беру форумы шеңберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті. Іс-шараға 30-дан астам стипендия иегері қатысты.

Министр студенттеге ғылым мен жоғары білімнің жаңалықтары туралы айтып, оларды осы өзгерістерге белсене қатысуға шақырды.

«Мен өзіміздің жас ғалымдардың елге оралып, қазақстандық ғылым сапасын көтереді деген сенімдемін. Қазірден бастап сіздерді жоғары оқу орындардың ғыл

Толық оқу
бөлісу

05/05/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ UNIVERSITY MEDICAL CENTER МЕДИЦИНА ХОЛДИНГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов University Medical Center медицина холдингінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша жаңалықтар мен оқуға түсу мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы айтты.

«Биыл оқуға түсетіндерді қолдау және медициналық бағыттағы үміткерлердің «Болашақ» бағдарламасының академиялық бағдарламаларына қолжетімділігін арттыру үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілді. Енді қазақстандық медицина қызметкерлері 12 айға дейінгі мерзіммен тегін тілдік дайындықтан өте алады», - деп атап өтті өз сөзінде Халықара

Толық оқу
бөлісу

03/05/2023

2023 ЖЫЛЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Жыл соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың екі легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайы

Толық оқу
бөлісу

03/05/2023

ОЛЖАС СӘКЕНОВ ШВЕЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің Қазақстандағы Швеция Корольдігінің елшісі Ева Пуланомен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты, «Болашақ» бағдарламасын және отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды іске асыру туралы талқылады.

Сонымен қатар, Олжас Сәкенов Халықаралық бағдарламалар орталығының міндеттерінің бірі әлем бойынша білім беру және ғылыми ұйымдармен серіктестікті дамыту деп атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді ба

Толық оқу
бөлісу

02/05/2023

БОЛАШАҚШЫ-ЖАС ҒАЛЫМ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРДЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕП ЖАТЫР

Аяз Белқожаев «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ливерпуль университетінде биотехнология саласында ғылыми тағылымдамадан өткен.

Ұлыбританияның жетекші университетінде жас ғалым нейродегенеративті аурулармен күресу мәселесін шешу үшін маңызды зерттеулер жүргізді. Мәселен, адамның миын зақымдап, мінез-құлық, есте сақтау мен қозғалыс қабілетін бұзатын тұқым қуалайтын Гентингтон ауруын зерттеді.

Елге оралғаннан кейін ол М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында зерттеулерін жалғастырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «500 ғалым» жобасы аясында отандық ғалымдарға әлемдегі ү

Толық оқу
бөлісу

26/04/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов АҚШ - тың жетекші жоғары оқу орны - Сиракуз университетінің өкілдерімен кездесті

Тараптар қазақстандық мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында серіктестікті кеңейту және жетілдіру, оның ішінде отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларға қатысты көптеген ұсыныстар айтылды.

Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасы аясындағы жоғары оқу орындар, ғылыми-зерттеу орталықтар және отандық ғалымдардың шетелдік ғылыми тағылымдамалары географиясын кеңейту бойынша жұмысты Орталық үнемі жүргізетінін атап өтті. Бүгінгі таңда «Бо

Толық оқу
бөлісу