Жарияланған күні:
ҚР «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяодің кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы, ғылыми тағылымдамалар және үкіметаралық гранттар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды.
Әлия Оспанова Қытайдың жетекші университеттерімен ынтымақтастықты кеңейту маңызды басымдық екенін атап өтті. Қытай университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен тығыз байланыс қазақстандық студенттер мен ғалымдарға алдыңғы қатарлы білім беру және зерттеу бағдарламаларына қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Елші Чжан Сяо ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, білім және ғылым саласындағы екіжақты қатынастардың алдағы табыстарына сенім білдірді.
Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің үздік университеттерінде 12 мыңнан астам адам білім алды, оның ішінде Қытай Халық Республикасында білім алғандар саны 138 адамды құрайды.
«Болашақ» бағдарламасы, ғылыми тағылымдамалар және үкіметаралық грант бойынша Қытайдың осындай жетекші университеттерінде оқу мүмкіндігі бар: Цинхуа университеті, Пекин университеті, Нанкин университеті, Фудань университеті, Харбин политехникалық университеті, Чжэцзян университеті, Қытай ғылым академиясы.
Осы университеттерде қазақстандық студенттер ақпараттық технологиялар, энергетика, қаржы, медицина, инженерия және гуманитарлық ғылымдар бойынша білім ала алады. Сонымен қатар, Қытай университеттері жасанды интеллект, жаңартылатын энергия көздері және биомедицина сияқты салаларда мамандар даярлауға бағытталған ерекше бағдарламаларды ұсынады.
Қытай жыл сайын үкіметаралық келісімдер аясында 155 грант бөледі, 2024 жылы 151 қазақстандық студент Қытайдың үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік алды.
Үкіметаралық грант Қытайда оқу шығындарын қамтиды:
Сондай-ақ, 2024 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАР) Үкіметі арнайы білім беру (колледж), бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Қазақстан азаматтары үшін 50 стипендиялық орын ұсынды.