Өзекті жаңалықтар мен анонстар
22/06/2023
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТАР ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.
Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.
«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар ...
22/06/2023
Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткіздіМемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.
Сонымен қатар Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми ...
15/06/2023
ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІХалықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Олжас Сәкенов 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдамалар бағдарламасымен таныстырып, «Болашақ» стипендиясындағы өзгерістер туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.
14/06/2023
Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездестіХалықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.
Тараптар 500 ғалым үшін ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ, Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасынадағы өзгерістер туралы айтып берді.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
14/06/2023
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІБүгін Қазмедиа орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөніндегі семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға ГФР Федералдық білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілдері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, қазақстандық және неміс университеттерінің өкілдері, сондай-ақ ғылым және білім саласындағы сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ серіктестікті кеңейту ...
09/06/2023
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСІП ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫКелісімге ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дидье Канесс және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов қол қойды.
ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің және Халықаралық бағдарламалар орталығының Қазақстандағы Франция Елшілігімен келісімі шеңберінде инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсетін «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер француз тілін оқыту бойынша тегін курстардан өте алады.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі,Халықаралық бағдарламалар орталығы және Қазақстандағы Франция Елшілігі ...
09/06/2023
Мексика үкіметінің стипендияларыМексиканың халықаралық ынтымақтастық агенттігі 2023 жылы Мексикада оқуға конкурс жариялайды.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер биылғы жылғы 21 шілдеге дейін келесі сілтеме арқылы онлайн қабылданады: http://bit.ly/rN8a00
Қосымша ақпарат бағдарламаның ресми сайтында жарияланған
07/06/2023
24 маусымда «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай бағдарлама түлектері арасында V Спартакиада өтеді!Ұйымдастырушылар – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы және «Болашақ» Қауымдастығы.
«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жеке немесе қалыптасқан команда құрамында қызықты спорттық-зияткерлік жарыстарға қатысуға шақырамыз.
Іс-шарада:
Уақыты: 10:...