Жарияланған күні:

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

Ел үшін қиын-қыстау кезеңде қазақстандық қоғамның бірлігі мен ынтымағы бұрынғыдан да маңыздырақ. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Азық-түлік, киім-кешек және бірінші қажетті заттар жиналды.

Су тасқынынан зардап шеккендерге де қаржылай көмек көрсетілді. Орталық қызметкерлері бір күндік еңбекақысын «Күшіміз Бірлікте» қорының есепшотына аударды.

фото.jpg