Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдері, Wabtec корпорациясының Үндістандағы технологиялар және инжиниринг орталығының басшысы, вице-президент Йогеш Кумар, ТМД, Түркия және Пәкістандағы HR бойынша аймақтық бизнес серіктесі Руслан Унайбековпен кездесу өтті.
Басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин «Болашақ» бағдарламасы мен «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуі, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан стипендиаттардың саны туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемнің жетекші университеттері мен ұйымдарында инженерлік кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінуде.
Вице-президент, Үндістандағы Wabtec корпорациясының Технологиялар және инжиниринг орталығының басшысы Йогеш Кумар «Болашақ» стипендиясының инженерлік кадрларды даярлауға қосқан үлесін жоғары бағалап, бағдарламаның бірегейлігін атап өтті. Шетелдік серіктес корпорацияның халықаралық кеңселері машина жасау және электротехника саласындағы мамандарға қызығушылық танытып, қазақстандық студенттермен тәжірибе алмасуға дайын екенін хабарлады. Интерндер Wabtec-тің нақты жобаларына қатыса отырып, тәжірибелі Wabtec мамандарымен бірге жұмыс істей алады.
Кездесу соңында тараптар «Болашақ» стипендиаттарының Үндістан мен АҚШ-тағы корпорацияның халықаралық кеңселері мен өндірістік орталықтарында бір жылдық тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыруға келісті. Сондай-ақ Қазақстандағы корпорацияның өндірістік орталықтарында түлектерді жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастық қарастырылады.
Wabtec - Fortune 500 компаниясы және көлік пен логистика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компанияда 50-ден астам елде 27 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 17 қыркүйектегі АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасындағы көлік өнеркәсібін дамыту мақсатында Wabtec корпорациясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуі өтті. 2023 жылдың 8 желтоқсанында ХБО Wabtec корпорациясымен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.