Жарияланған күні:

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің консулдық бөлімінің өкілдері арасында кездесу өтті.

ХБО Басқарма төрағасының орынбасары А.Ашкин американдық әріптестерін халықаралық стипендияның жүргізіліп жатқан трансформациясымен, 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» даму стратегиясын әзірлеумен, әріптес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейту жөніндегі жұмыстармен, конкурстық іріктеу рәсімімен, үміткерлерге қойылатын талаптармен және шарттық міндеттемелермен, түлектердің еңбек өтілімен таныстырды. АҚШ-тың ХБО-ның стратегиялық серіктесі болып табылатындығы бөлек атап өтілді, бүгінгі таңда 721 стипендиат Американың жетекші университеттерінде оқудан және тағылымдамадан өтуде.

Америкалық әріптестер «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына және стипендиаттардың жетістіктеріне қызығушылық танытты. Осылайша, Алтын Шаяхметова Аризона мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін климаттың өзгеруі және су қауіпсіздігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді, ал Оңтүстік Калифорния университетінде тағылымдамадан өту кезінде Зәуре Смаилова қазақстандық студенттерге ағылшын тілін үйренуге арналған мобильді қосымша әзірлейді, т.б.

Кездесу соңында тараптар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына студенттік визаларды беру және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуі бойынша ынтымақтасуға келісті.

фото.jpg