Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

31/07/2025

Жұлдыз Нұрғожина. Азық-түлік қауіпсіздігі және еуропалық тәжірибе: Монтрё қаласындағы ғылыми тағылымдаманың нәтижелері.

Жұлдыз Нұрғожина - PhD докторы, Алматы Технологиялық Университетінің ассистент-профессоры, «Тамақ қауіпсіздігі» бағыты бойынша Монтрё қаласында (Швейцария) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама шеңберінде Жұлдыз тамақ өнеркәсібінің заманауи технологиялары мен жабдықтары, сапаны бақылаудың физика-химиялық әдістері, сондай-ақ тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарттар мен нормативтер саласындағы білімдерін тереңдете түсті. Тұрақты өндіріс, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық буып-түю және өнім сапасын бағалаудың инновациялық әдістері сияқты тақырыптарға ерекше назар

Толық оқу
бөлісу

29/07/2025

Арманнан басшылық қызметке дейін: Кемал Аманбаевтың тарихы, күн сәулем

Достар, бүгін біз Сіздерді «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Xcalibur Kazakhstan операциялық директоры Кемал Аманбаевпен таныстырғымыз келеді.

Кемал бакалавриатты University of Calgary (Канада) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша үздік бітірді. Оқуды аяқтағаннан кейін ол Қазақстанға оралып, ұлттық және халықаралық жобалар шеңберінде шетелде алған білімі мен құзыреттерін табысты қолданып келеді.

Кемал Қазақстанның минералдық-шикізат секторының дамуына елеулі үлес қосатын геофизика және геологиялық барлау саласының маманы.

Қазіргі уақытта Кемал Xcalibur Smart Mapping аэрогеофизикасындағы жа

Толық оқу
бөлісу

25/07/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Qazaqstan International Science and Technology Association арасында меморандумға қол қойылды

2025 жылдың шілде айында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Құсманов пен Qazaqstan International Science and Technology Association Президенті С. Мейірманов Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ғылыми және кәсіби тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Тараптар «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары шеңберінде шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен кәсіби байланыс орнатуға келісті.

Qazaqstan International Science and Technology Association шетелде жұмыс істейтін қазақстандық зерттеушілерді біріктіреді

Толық оқу
бөлісу

25/07/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған онлайн-эстафетаны жалғастыруда

Халықаралық бағдарламалар орталығы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған онлайн-эстафетаны жалғастыруда Достар, біз Орталық қызметкерлері ұлы ақынның шығармаларын оқитын жаңа бейнероликті қуана ұсынамыз.

Бұл бастама - Абайдың рухани мұрасына қол жеткізу және болашақ ұрпаққа қалдырған құндылықтарын еске түсіру тәсілі.

Қосылыңыз! Оқыңыз, бөлісіңіз, шабыт алыңыз.

Толық оқу
бөлісу

25/07/2025

Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау жалғасуда 2025-2026 оқу жылына қазақстандықтар үшін 100 білім гранты бөлінді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

  • бакалавриат – 70 орын;
  • магистратура – 20 орын;
  • үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.

Оқу тілі – тәжік/орыс тілі.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәй
Толық оқу
бөлісу

24/07/2025

Теориядан практикаға: Ноттингемдегі білім ірі кен орнында қалай қолданылуда

Жәнібек Уәлиев – инженер-технолог, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Магистратураны Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) «Химиялық инженерия» (Chemical Engineering) бағытында аяқтады.

Жәнібек практикалық және академиялық тәжірибесі бар мұнай-газ инженерия саласының маманы.

Жәнібектің кәсіби жолы Теңіз және Қашаған кен орнында басталды. Күкіртсутек бойынша маман болып 3 жыл жұмыс істегеннен кейін алғашқы өндірістік тәжірибеге ие болып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада білімін жалғастырды.

Шетелде оқу оған инженерлік мәселелерді шешудің заманауи тәсілдерін игеруге, химиялық инж

Толық оқу
бөлісу

22/07/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Кардифф университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 22 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Құсманов пен Кардифф университетінің (физика ғылымдары және инженерия колледжі) проректоры Professor Gavin Shaddick Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім қазақстандық студенттер мен зерттеушілерге озық білім беру және ғылыми мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберіндегі маңызды қадам болды.

Кардифф университеті Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің бірлестігі – беделд

Толық оқу
бөлісу

21/07/2025

Нұрлан Нұрабаев: геолог-мұнайшы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі

Нұрлан Нұрабаев - геолог-мұнайшы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Аймақтық геология және бассейндік талдауға маманданған, сейсмикалық деректерді түсіндіру және геологиялық модельдеу (Petrel, Opendect Pro, Techlog) үшін озық бағдарламалық жасақтаманы қолдану тәжірибесі бар.

Нұрлан Манчестер университетін (Ұлыбритания) «Мұнай – газ» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Оқу барысында көмірсутек кен орындарын барлау, бағалау және игеру саласында терең білім алды, мұнай жүйелері мен шөгінді бассейндерді бағалау әдістерін түсінудің негізгі дағдыларын дамытты.

Қазақстанда және Ұлыбританияда дала жұм

Толық оқу
бөлісу