Жарияланған күні:
Достар, бүгін біз Сіздерді «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Xcalibur Kazakhstan операциялық директоры Кемал Аманбаевпен таныстырғымыз келеді.
Кемал бакалавриатты University of Calgary (Канада) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша үздік бітірді. Оқуды аяқтағаннан кейін ол Қазақстанға оралып, ұлттық және халықаралық жобалар шеңберінде шетелде алған білімі мен құзыреттерін табысты қолданып келеді.
Кемал Қазақстанның минералдық-шикізат секторының дамуына елеулі үлес қосатын геофизика және геологиялық барлау саласының маманы.
Қазіргі уақытта Кемал Xcalibur Smart Mapping аэрогеофизикасындағы жаһандық көшбасшының еншілес құрылымы – Xcalibur Kazakhstan-да операциялық директор лауазымын атқарады.
Оның құзыретіне мыналар кіреді:
Қазіргі лауазымға дейін Кемал Aurora Geophysics компаниясын басқарды, онда ол техниктен бас директорға дейін көтерілді. Ол технологиялар трансферімен, геофизикалық зерттеулердің инновациялық әдістерін енгізумен және операциялық қызметті дамытумен белсенді айналысты.
Кемал Аманбаевтың тәжірибесі – экономиканың стратегиялық маңызды салаларында шетелдік білім беруді тиімді қолданудың үлгісі. Оның кәсіби жолы «Болашақ» бағдарламасының миссиясын — Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына елеулі үлес қоса алатын жоғары білікті мамандар даярлауды көрсетеді.