Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

21/12/2021

«STIPENDIUM HUNGARICUM» СТИПЕНДИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

«Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін 2022 жылғы 15 қаңтарға дейін https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ мажар сайтында онлайн-тіркеуден өтуіңіз қажет. Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы біздің bolashak.gov.kz ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жарияланады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да толық құжат пакеті: 1) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/.../services/higher_education/pass_203_mon арқылы; 2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ http://bolashak.gov.kz/ сайтында кезекті брондау арқылы қолма қол қабылда

Толық оқу
бөлісу

20/12/2021

Польша Республикасы Үкіметінің стипендиялық бағдарламалары

Достар, Польша Республикасы Үкіметінің стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының жас ғалымдарына, магистратураға және Варшава университеті жанындағы Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығының Шығыс қысқы мектебіне 2022-2023 жж. оқу жылына үміткерлерді қабылдау басталды.

Польша Республикасы Үкіметінің 2022-2023 жж. жас ғалымдарға арналған стипендиялық бағдарламасының ХХ шығарылымы

Бағдарлама бойынша жас ғалымдар 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін Польша Республикасының жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өте алады. Аталмыш бағдарлама аясында стипен

Толық оқу
бөлісу

20/12/2021

«Stipendium Hungaricum» стипендиясына үміткерлерге арналған ақпарат

Венгрияда оқуға үміткерлердің назарына!

2022-2023 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау техникалық себептерге байланысты кейінге шегерілді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы біздің bolashak.gov.kz ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жарияланады.

Толық оқу
бөлісу

06/12/2021

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» атты мақаласы

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

Мұндайға тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алады.

Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұ

Толық оқу
бөлісу

06/12/2021

Иранда білім алу гранты

Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрлігі парсы тіліне қызығушылық танытқандар мен студенттерді қолдау үшін Қазақстан Республикасындағы парсы тілі мен әдебиетін оқытатын академиялық кафедралардың әрқайсысына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдармалары бойынша (магистратура және докторантура) екі грант бөлуді жоспарлап отыр.

Бұл грант бойынша оқу тегін, стипендия, жатақхана беріледі, тұру шығындары өтеледі.

Қосымша

Толық оқу
бөлісу

01/12/2021

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Құрметті достар, Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Қазақстанның Тәуелсіздігі тарихындағы тумысы бөлек тұлға, Егемендіктің бастауында тұрған Елбасы баламасы жоқ «Болашақ» бағдарламасының бастамашысы болды. Сол арқылы 11 мыңнан астам қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алып, қоғамның әр саласында тындырымды жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан сындарлы сәтте стратегиялық шешім қабылдап, келешекке теңдесі жоқ капитал сала білген Н.Ә.Назарбаевқа барша түлектер мен стипендиаттардың атынан арнайы алғыс айтамыз.

Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 30-жылды

Толық оқу
бөлісу

30/11/2021

Елордада жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумы өтті

30 Қарашада Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында әрі Тұңғыш Президент күніне орай «Болашақ» бағдарламасының жұмыс берушілері мен түлектерінің форумы өтті. Іс-шараға «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері, мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысты.

Форум аясында «Болашақ» президенттік стипендиясы түлектерінің жетістіктері мен олардың еліміздің дамуына қосқан үлесі, түлектерді жұмыспен қамту, ел экономикасының нақты секторына озық ғылыми технологияларды енгізу мәселелері талқыланды....

Толық оқу
бөлісу