Жарияланған күні:

Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша құжат қабылдаудың аяқталуына дейін 15 күн қалды. Өтінім қабылдаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін жалғасады, екіншісі - 2023 жылғы 23 тамыз бен 13 қазан аралығында өтеді.

Халықаралық бағдарламалар орталығы озық шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға ниет білдіретін ғалымдардың өтінімдерін қабылдауды жалғастырып жатыр. Құжаттар Орталықта қағаз түрінде қабылданады.

Жыл сайын қазақстандықтарға әлемдегі үздік ұйымдарда құнды тәжірибе жинақтау, ғылыми мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігі беріледі.

Тағылымдама мерзімі – бағдарлама тізіміне енетін шетелдік ұйымдарда 3 айдан 12 айға дейін.

Грант ғылыми тағылымдамадан өту, виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру, тұру, тамақтану, ғылыми әдебиеттер сатып алу және т. б. шығындарын өтейді.

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыз!