Жарияланған күні:

Қазақстандағы өнертабыстардан АҚШ-тағы ғылыми зерттеулердің жаңа көкжиектеріне дейін: әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2% рейтингіне енген «Болашақ» түлегі

Ратбай Мырзақұлов - физика және математика саласында бірқатар маңызды жаңалықтар ашқан және халықаралық деңгейде танылған қазақстандық ғалым. Оның қыметінде маңызды сәттердің бірі «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтуі болды.

Ғалым «Болашақ» стипендиясының арқасында АҚШ-қа аттанып, Калифорния университетінде зерттеулер жүргізді. Онда ол бірлескен жобаларға, ғылыми конференцияларға қатысты, әлемнің түпкір-түпкірінен танымал ғалымдармен кездесті. Астрофизика, гравитация және космология саласындағы зерттеулермен айналысты.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін профессор өз жұмысында жаңа тәжірибе мен білімді қолдану үшін Қазақстанға оралды. Бүгінде Ратбай Мырзақұлов - теориялық физика, математикалық физика және планетарлық деңгейдегі дифференциалды геометрия бойынша халықаралық деңгейде танылған маман.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ратбай Мырзақұловтың 400-ден астам ғылыми еңбегі бар, олардың 300-ге жуығы импакт-факторы бар шетелдік журналдарда жарияланған.

Биыл профессор «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне енді. Ғалым 2021 жылы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне кірді.

сайт.jpg