Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

31/05/2023

5 МАУСЫМДА «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

2023 жылғы 5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер биылғы жылғы 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, 50 стипендия докторантура, 110 стипендия тағылымдама бағдарламалары бойынша үлестірілген. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.

«Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үмітк

Толық оқу
бөлісу

30/05/2023

10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚЫРҒЫЗСТАН ЖОО-ЛАРЫ БӨЛДІ

Үкіметаралық келісімдердің арқасында қазақстандықтар Қырғызстанның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша тегін оқуға мүмкіндік алды. Грант оқу шығындарын өтейді, студенттерге стипендия төленеді.

«Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар шеңберінде Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқу үшін 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Айта кетерлігі, бірқатар ел тегін тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма т

Толық оқу
бөлісу

26/05/2023

Белфасттағы Квинс университетінің өкілдері Халықаралық бағдарламалар орталығына барды

Солтүстік Ирландиядағы жетекші жоғары оқу орны - Белфасттағы Квинс университетінің өкілдері Халықаралық бағдарламалар орталығына барды

Белфасттағы Квинс университеті -1845 жылы құрылған және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы ең көне әрі беделді ЖОО-лардың бірі. Университет ғылыми зерттеулер саласында көш бастап келеді және ғылыми журналдарда жоғары рейтингке ие.

Сондай-ақ Queen's University Belfast «Болашақ» бағдарламасының жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізбесіне, сондай-ақ «500 ғалым» жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын ғылыми орталықтардың тізіміне еніп отыр....

Толық оқу
бөлісу

24/05/2023

33 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТЫ КОЛУМБИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚЫП ЖАТЫР

33 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ – тың ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Колумбия университетінде оқып жатыр. Оның 25-і магистратура, 8 стипендиат тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алып жатыр.

АҚШ-тың жетекші университеті Шырмауық лигасына кіреді. Сонымен қатар, оған Гарвард, Йель, Принстон, Браун, Дартмут, Корнелл және Пенсильвания университеттері енеді.

Колумбия университетінің қабырғасында болашақтықтар «Жасыл технологиялар», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Электроника және телекоммуникациялық жүйелер», «Педагогика» және т. б. мамандықтар бойынша білімін шыңдауд

Толық оқу
бөлісу

23/05/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Ябо Глузман Эдвин мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының жаңалықтары туралы баяндап берді. Сонымен қатар отандық ғалымдарға арналған ғылыми тағылымдамалар жобасымен таныстырып өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл

Толық оқу
бөлісу

23/05/2023

10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ӘЗІРБАЙЖАН ЖОО-ЛАРЫ БӨЛДІ

Әзірбайжанның жоғары оқу орындары үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 10 білім беру грантын ұсынды.

«Қазақстандықтарға Әзірбайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу әзірбайжан, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар шеңберінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді м

Толық оқу
бөлісу

22/05/2023

ПОЛЬШАНЫҢ ЖОО-ЛАРЫНА ТҮСУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

Қазақстан мен Польшаның үкіметаралық келісімдері шеңберінде Польшаның жоғары оқу орындарына түсуге ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды. Еліміздің азаматтары Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқи алады.

Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне келесі үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Конкурстық комиссия негізгі тізімг

Толық оқу
бөлісу

15/05/2023

ГЕРМАНИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛДІ

ГФР СІМ өкілдері – ғылым, білім және зерттеулер саласында сыртқы саясат мәселелері жөніндегі уәкілетті Вито Чечере, Қазақстандағы Германия Елшілігінің бірінші хатшысы Мехтхильд Зассе Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесіне барды.

Келіссөздер жүргізу барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарының тізімін, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін зерттеу орталықтарының тізбесін кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

«Германияда жоғары білім тегін. Бағдарлама стипендиаттардың тұру, тамақтану және ұшу билеттерімен байланысты шығынды ...

Толық оқу
бөлісу