Жарияланған күні:
Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында Халықаралық бағдарламалар орталығының басшылығы Халықаралық білім беру институты (IIE) және жетекші американдық университеттер консорциумының өкілдерімен маңызды кездесу өткізді.
ХБО басшылығы америкалық делегацияға орталық басқаратын халықаралық бағдарламаларды таныстырды.
Кездесуге IIE-нің негізгі өкілдері қатысты: Халықаралық серіктестік орталығының директоры Сильвия Джонс, бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің басшысы Афина Луиза Лао, Джоэл Эриксон және басқалар.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамалар, магистратура және докторантура салаларындағы ынтымақтастық перспективалары, кейбір университеттердің «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамалар тізіміне енгізілуі және басқа да бастамалар талқыланды.
IIE-нің америкалық университеттердің қатысуымен вебинарлар өткізіп жатқандығы ерекше назарға алынды. Алдағы уақытта Халықаралық бағдарламалар орталығы осындай вебинарлардың біріне қатысып, ынтымақтастықты нығайтуға және әлеуетті үміткерлерді мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
«Біз Халықаралық бағдарламалар орталығына ғылыми тағылымдамаларға өтінім беру процесін жеңілдетуде қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Біздің мамандар үміткерлерге талаптар мен рәсімдер бойынша бағыт алуға көмектесетін егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындайды. Бұл қазақстандық ғалымдардың халықаралық білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділігін кеңейтудегі маңызды қадам болады», – деп атап өтті Халықаралық білім беру институтының Халықаралық серіктестік орталығының директоры Сильвия Джонс.
Кездесуге қатысқан университеттердің өкілдері инженерия, медицина, кәсіпкерлік және зерттеу салаларында көшбасшы болып табылады:
Embry-Riddle Aeronautical University - Аэроғарыштық инженерия саласында жоғары орынға ие. Университет сонымен қатар ұшқыштық пен авиациялық қауіпсіздік бойынша жетекші бағдарламаларымен танымал.
Purdue University - QS рейтингінде 89-орынға ие және әлемдегі ауыл шаруашылығы және биологиялық ғылымдар саласындағы көшбасшы университеттердің бірі болып табылады. Университет инженерия саласындағы инновацияларымен және NASA-мен ынтымақтастығымен танымал.
University of California, Davis - QS рейтингінде 130-орында тұр және экология мен биологиялық ғылымдар бойынша әлемдегі үздік университеттердің бірі болып саналады. UC Davis тұрақты даму саласындағы зерттеулерімен және қоршаған ортаны қорғауға деген белсенділігімен танымал.
Penn State University - QS рейтингінде тұрақты түрде жоғары орындарға ие (89-орын). Университет өзінің алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерімен және бүкіл әлемдегі қуатты түлектер желісімен танымал.
Ohio University - Университет медицина және тұрақты даму саласындағы күшті бағдарламаларымен танымал.
University of Connecticut - Кәсіпкерлік және инженерия бағдарламаларымен танымал.Коннектикут университеті өзінің күшті зерттеу бағдарламаларымен, экологиялық тұрақтылықпен және студенттер үшін кең халықаралық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Lehigh University - Инженерия, бизнес және технологиялар саласында маманданған. Lehigh University өзінің күшті инженерия бағдарламаларымен, бизнес саласындағы инновацияларымен және академиялық дайындықтың практикалық жобалармен тығыз интеграциясымен танымал.
Metropolitan State University of Denver - Университет қолжетімді сапалы білім беруімен, өнеркәсіппен тығыз байланысымен және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдармен серіктестік арқылы студенттердің практикалық тәжірибе алу мүмкіндіктерімен танымал.
University of Nebraska at Omaha - Ақпараттық технологиялар, бизнес және қоғамдық қызмет салаларындағы күшті бағдарламаларымен, сондай-ақ қалалық және мемлекеттік құрылымдармен тығыз ынтымақтастығымен танымал, бұл студенттерге практикалық тәжірибе алуға және мансаптарын дамытуға мүмкіндік береді.
Boise State University - Бизнес және инженерия саласындағы инновациялық бағдарламаларымен, стартаптар мен кәсіпкерлікті қолдауымен, сондай-ақ студенттік өмірдің белсенділігімен және спорттық командалардың жетістіктерімен танымал.
Бұл кездесу Қазақстан ғылымы мен білімін дамыту үшін халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын растады, сондай-ақ еліміздің студенттері мен ғалымдары үшін жаңа мүмкіндіктердің көкжиектерін ашады.