Жарияланған күні:

BE WOMAN ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма Төрағасы Алия Оспанова Алматыда өткен Be Woman Орталық Азия әйелдер форумына спикер ретінде қатысты. Форум әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті әйел көшбасшыларын біріктірді. Форумның негізгі спикерлері арасында атақты модель және диетолог, Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Масктың анасы Мэй Маск, журналист және қоғам қайраткері Ксения Собчак, сондай-ақ ең ірі маркетплейстердің бірі Wildberries-тің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакальчук болды.

Форумға 12 елден 100-ден астам спикер қатысты және әйелдердің ғылымда, бизнесте, технологиялар мен білім берудегі дамуы мәселелеріне арналған 6 панельдік сессия ұсынылды.

Алия Оспанова «Білім беру: IN немесе OUT» атты панельдік сессияда сөз сөйлеп, әйелдер үшін білімнің маңыздылығы және оның жеке әрі кәсіби өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлі туралы өз көзқарасымен бөлісті.

" «Болашақ» стипендиаттары Қазақстанның аймақтағы ең мықты экономикасы бар ел болуына көмектесті. Бұл — 90-шы жылдары басты орындарды иеленген шетелдік кадрлардың орнын басатын тиімді құрал. Бүгінгі болашақтықтар — саяси элита, жетекші менеджерлер, табысты кәсіпкерлер, танымал дәрігерлер және инженерлер», — деді Әлия Оспанова.

Ол Орталық Азия әйелдерінің зор әлеуетін атап өтіп, бұл әлеуеттің білім арқылы ашылатынын айтты.

«Бүгінгі күні біздің әйелдер кез келген кедергілерді еңсере алады. Білім мен сапалы байланыс желілері оларға өз айналасындағы әлемге ықпал етуге және оны жақсартуға мүмкіндік береді», — деп қосты Оспанова.

Be Woman форумы тәжірибе алмасу және гендерлік стереотиптерді бұзып, өз салаларында көшбасшы болып жүрген әйелдердің арасында байланыстар орнату үшін маңызды платформаға айналды.

фото 1.jpg

фото 2.jpg

фото 3.jpg

фото 4.jpg

фото 5.jpg

фото 6.jpg

фото 7.jpg

фото 8.jpg

фото 9.jpg

фото 10.jpg

фото 11.jpg

Суреттер: Әлішер Қадышов