Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

30/11/2022

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші француз ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші француз ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Лион қалыпты жоғары мектебімен, Гренобль политехникалық институтымен, Бордо саяси зерттеулер институтымен, сондай-ақ Synchrotron SOLEIL, International Institute of Nuclear Energy ғылыми орталықтарымен келісімге қол қойылды.

Келісімдер мамандарды «Болашақ» бағдарламасымен Францияда дайындау бойынша білім беру жобаларын іске асыруды, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуін қам

Толық оқу
бөлісу

28/11/2022

Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Халықаралық бағдарламалар орталығында Бельгияның үздік ЖОО-ларының бірі - Ghent University өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде қазақстандықтардың «Болашақ» бағдарламасымен академиялық білім алуы, отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалардан өтуі жөніндегі Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында тараптар бірлескен халықаралық білім беру жобалары саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Толық оқу
бөлісу

22/11/2022

«Болашақ» түлегі Нұрбек Еңсебаевтің бірегей әзірлемелері: зағип жандар үшін биолокатор және арбамен жүретін адамдарға экзоскелет

Инженер-энергетик Нұрбек Еңсебаев пен оның SEZUAL командасының бірегей технологиялары зағип жандарға көруге, арбамен жүретін адамдарға жүруге және көлік жүргізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз бетімен шет тілдерін үйренуге және сауат ашуға мүмкіндік береді. Технологиялар Еуропа Кеңесінің үздік инновациялары қатарына еніп, БҰҰ WSA 2022 сыйлығының 3 үздік номинациясының иегері атанды.

«Болашақ» бағдарламасының арқасында ең батыл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. SEZUAL командасының мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру. Технология

Толық оқу
бөлісу

14/11/2022

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН БАҒДАРЛАМА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Жетісу облысы Жансүгіров ауылындағы орта мектеп мұғалімі Бақытгүл Бейсетбаева ағылшын тілін үйретудің авторлық оқу құралын жасап шығарды.

Бақытгүл Ұлыбританияның үздік жоғары оқу орны – Рединг университетінің магистратурасын «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша тәмәмдады. Шетелде оқуын аяқтағаннан кейін жас педагог туған ауылына оралды. Қазір ол ауыл мектебінде ұстаздық етеді.

Бақытгүл 14 жылдан бері қазақ және орыс сыныптарына ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп қана қоймай, көптеген оқу құралдарын зерттеген. Әрі ауыл балаларына ағылшын тілін үйретудің авторлық әдістемелік құралын жасап ...

Толық оқу
бөлісу

11/11/2022

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ – ҒАЛЫМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАСЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев ғалымдармен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі. «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, бірнеше данасын сынақтан да өткізіп үлгерген.

Қазақстандық ғалым өнертабысының көмегімен шаруалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ол отын шығынын 3 есеге төмендетеді, газдардың атмосфераға шығуын 2-3 есе азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Инновациялық құрылғының Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде аналогы жоқ.

Нұрлыбай Манабаев «Болашақ» бағдарламасымен К.А.Тимирязев атынд

Толық оқу
бөлісу

07/11/2022

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АЗАМАТ ОРАЗАЛИНОВ ҚАЗАҚСТАНДА БІРЕГЕЙ ХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЙДЫ

Оташы-дәрігер Азамат Оразалинов әріптестерімен бірге туа біткен патологиядан зардап шегетін 10 жастағы қызға күрделі ота жасады. Қазақстанда тұңғыш рет отаның жаңа түрі – толық қос бүйрекке лапароскопиялық геминефруретерэктомия жасалды. Қосарланған бөлік тіліксіз, тіндерді зақымдамай, бес миллиметр шағын тесік арқылы алынып тасталды. Оташылар баланың бүйрегі мен зәр шығару жүйесін сақтай алды. Қазақстанда мұндай ота балалар тәжірибесінде алғаш рет орындалды.

Азамат «Хирургия» мамандығы бойынша Оңтүстік Кореяда ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазіргі кезде ол №2 Көпбейінді қалалық балалар аурухана

Толық оқу
бөлісу

05/11/2022

«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА – 29 ЖЫЛ

«Болашақ» стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада құрылған. Президенттік стипендия жүзеге асырылған 29 жыл ішінде 11 мың 800-ден астам жоғары білікті маман даярланды. Бағдарлама түлектері экономиканың әр түрлі секторларында еңбек етіп жүр.

Білім саласы үшін «Болашақ» бағдарламасымен мыңнан астам кадр дайындалды. Олар әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді, білімі мен тәжірибесімен бөліседі, оның ішінде ауылдық жерлерде де қызмет атқарады.

900-ге жуық түлек денсаулық сақтау саласында қызмет етеді және жыл сайын ондаған мыңнан астам күрделі кардио- және нейрохирургиялық ота жасайды, ж

Толық оқу
бөлісу

03/11/2022

400-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП ЖАТЫР

400-ден астам қазақстандық ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында үздік шетелдік ЖОО-лар мен әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында «Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр.

Отандық ғалымдар бағдарлама шеңберінде әлемнің 24 елінен 148 жетекші ғылыми орталықта, ЖОО мен салалық ұйымда зерттеудер жүргізуде. Қазақстандықтардың таңдауы көп түсетін елдердің қатарында – АҚШ пен Ұлыбритания. Ғалымдар Колумбия университеті, Лондондағы Империал колледжі, Джон Хопкинс университеті, Макс Планк институты және т.б. жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Қазақстандық ғалы

Толық оқу
бөлісу