Жарияланған күні:

BOLASHAK WOMAN: Білім мен тәжірибенің күші

Президенттік орталықта алдағы Халықаралық әйелдер күніне орай «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің кездесуі өтті. «Bolashak Woman» іс-шарасы әйелдердің мемлекеттің әртүрлі салаларына және ғылыми-білім беру ортасын дамытуға қосқан үлесін атап өту үшін жыл сайын бір алаңда стипендияның жарқын өкілдерін жинайды.

Спикерлер «Болашақ» бағдарламасының түлектері: Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова, «University Medical Center» КҚ онколог-гематолог дәрігері Әсел Сүлейменова, ҚР Жас ғалымдар Альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова, пианист-композитор, Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Саида Қалықова. Модератор - "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" зерттеушісі Әйгерім Құсайынқызы.

Іс-шараны ашу барысында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова 30 жыл ішінде "Болашақ" бағдарламасы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 5 мыңнан астам әйелді дайындағанын атап өтті. Шетелдік университеттерде оқыған болашақтық әйелдер елдер арасындағы зияткерлік және мәдени алмасуда шешуші рөл атқарады.

«Біздің түлектер жоғары сапалы білім алып қана қоймай, өз еліне құнды тәжірибе мен білім әкелді. Болашақтық әйелдер медицина мен инженериядан бастап әлеуметтік ғылымдар мен өнерге дейін әртүрлі салаларға үлес қосуда және білімі, тәжірибесі және көшбасшылық қасиеттері арқылы елдің дамуына ықпал етуде. Стипендиаттар Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады: олар білім алуға ұмтылу, теңдік, еңбекқорлық, әділдік және т.б. сияқты қазақ халқының құндылықтарының атаулы өкілдеріне айналды», - деді А. Оспанова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау «Болашақ» бағдарламасының баршаға қолжетімді екеніне назар аударды, өйткені жоғары білім алып, елге оралып, туған жерлерін көркейтуге атсалысатын түлектердің көпшілігі өңірлерден шыққан. Осындай қыз-келіншектер білім арқылы жетістікке жетіп, оң өзгерістер жасауға болатынын көрсетіп, рөлдік модельдерге айналды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметте гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету және басқарушы кадрлар арасында әйелдердің өкілдігін арттыру жөніндегі тапсырмасына тоқталды. Қазақстан Республикасы Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетова ғылымдағы әйелдер санын арттырудағы оң үрдіс туралы айтты. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, әйел ғалымдардың үлесі 54 пайызды құрайды. Әсия Ермұхамбетова сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы мамандық таңдауда гендерлік стереотиптерді жойғанын айтты, өйткені «Болашақ» мамандарды бұрын негізінен ер адамдар үшін деп саналған инженерлік сияқты көптеген тапшы және сирек мамандықтар бойынша дайындауда.

Балалар онколог-гематологы Әсел Сүлейменова өмір бойы білім алу тәжірибесі және ең кішкентай науқастармен жұмысы туралы айтты.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Саида Қалықова – әлемдегі жалғыз музыка академигі. Музыкалық білімін Италияда аяқтағанда әр түрлі театрлар мен консерваториялардың өкілдері Саидаға Италия азаматтығын ұсынған, бірақ дарынды музыкант отанына оралуды ұйғарды. Саида ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисті, 26 музыкалық шығарманың авторы. Айта кететін жайт, Қазақстанда пианист-композиторлар арасында небәрі 7 әйел бар.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg