Жарияланған күні:

АҚШ СТИПЕНДИАТТАРЫМЕН ОНЛАЙН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Болашақ» бағдарламасының даму үрдістері мен перспективалары: өткені-бүгіні-келешегі» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Ашықбаев, Вашингтон қаласындағы Бас консул Ж.Орынбай, Нью-Йорк қаласындағы Бас консул Р. Есболатова, Сан-Франциско қаласындағы Бас консул М.Ибраев, ХБО Басқарма төрағасы Ә.Оспанова, АҚШ-та оқитын стипендиаттар қатысты. Сессияның модераторы АҚШ-тағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Р.Сәкеев болды.

Іс-шараны ашқан Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Стипендия отандық студенттердің беделді әлемдік университеттерде оқуы Қазақстандағы білім сапасын арттыратын және академиялық байланыстарды кеңейтетін білім беру хабына айналды, сондай-ақ бағдарлама Қазақстанға шетелдік студенттер мен ғалымдарды тартуды ынталандырады.

ХБО Басқарма төрағасы Әлия Оспанова «Болашақ» бағдарламасының трансформациясы, digital платформасын құру, оқу аяқталғаннан кейін стипендиаттарды жұмысқа орналастыру мәселелері туралы айтып берді. АҚШ-та қазақ мәдениеті мен тілін насихаттауға ерекше назар аударылды.

«Қазір біз ХБО командасымен бірге «Болашақ» трансформация процесін жүргізіп жатырмыз. 2024-2026 жылдарға арналған стипендияны дамыту стратегиясы әзірленді, тағылымдама шарттарына қол қою процессі цифрландырылды, стратегиялық әріптестермен бірқатар меморандумдарға қол қойылды. 2024 жылы оқуға арналған мамандықтардың тізбесі мемлекеттік органдардың өтінімдерін ескере отырып қалыптастырылды, сондай-ақ кездесулер кезінде әрбір мемлекеттік органға жақын арада оқуын аяқтап, Қазақстанға оралып, болашақ жұмысқа орналасу үшін мамандықтар бөлінісінде стипендиаттардың тізімі ұсынылды", - деп атап өтті Ә.Оспанова.

АҚШ-та оқитын стипендиаттар өз жобалары мен зерттеулерін, стипендиаттар мен ғалымдар арасында тәжірибе алмасу үшін ғылыми платформа құру жоспарларын таныстырды, стипендияны арттыру бойынша бірқатар сұрақтар қойды.

zum.jpeg