Жарияланған күні:

«500 ҒАЛЫМ»: АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Фариза Муканова – «500 ғалым» бағдарламасының стипендиаты. «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы зерттеулер» бойынша Аризона университетінде (University of Arizona) ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан зерттеуші ғалым «Климаттың өзгеруі өсімдік ауруларына қалай әсер етеді» тақырыбындағы зерттеу жұмысы туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне айтып берді.

Карнеги жоғары білім беру мекемелерінің ұлттық классификациясында Аризона университеті RU/VH: Research Universities деп белгіленеді, яғни ол өте қарқынды ғылыми-зерттеу қызметі жүргізілетін ЖОО ретінде сипатталады.

Фариза Муканова, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Бексейіт ауылының тумасы. Осы жерде мектепте білім алды. Кейін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Агрономия» мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтап, осы бағыт бойынша Омбы мемлекеттік аграрлық университетінде магистратурада оқуын жалғастырды.

Тағылымдамаға дейін аталған білім ордасында «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады, кейін кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Фаризаның зерттеу саласы өсімдік аурулары және оларды анықтаумен, фитопатологиялық әдістерді диагностикалау дағдыларын қалыптастыру және климаттың өзгеруі өсімдік ауруларына қалай әсер ететінін және жайылымдар мен танаптарды қалпына келтіруді түсінуге бағытталған. Әдістеме зертханалық және далалық деректерді, фитопатологияны диагностикалау әдістерін және эпидемиологиялық болжамдарды пайдалануды, содан кейін нәтижелерді талдауды және аймақтың ұқсас деректер жиындары мен үлгілерімен салыстыруды қамтиды. Аризона университетінің ғалымдары қоршаған ортаны ұтымды басқарудың барлық аспектілерін қамтитын проблемаға бағытталған зерттеулермен айналысады. Ұсынылған зерттеулер азықтық шөптердің ауруларын анықтауға және танаптарды қалпына келтіру саласындағы дағдыларды дамытуға бағытталған.

фото 1.jpg

Тағылымдама зерттеуге қалай көмектеседі? Жаңа нәрсе аштыңыз ба?

«Зерттеу нәтижелері табиғи жайылым өсімдіктеріне және олардың қалпына келуіне әсер ететін өсімдік ауруларын болжау және алдын алу дағдыларын қалыптастыруға және тәжірибе жинауға көмектеседі. Бағдарлама фитопатология саласындағы дағдылар мен білімді дамытуға және оның дақылдарға, сондай-ақ жайылымдарды қалпына келтіруге әсерін қолдайды. Бұл Аризона университетінде қол жетімді эксперименттік нәтижелерге қол жеткізуден көрінеді. Жаңа нәрсе ашу бірнеше жылдық тәжірибелік жұмысты қажет етеді, мақсатым бүгінгі күнгі озық технологияларды үйреніп, алдағы уақытта Қазақстан жағдайында өсімдіктерді зерттеу барысында қолдану», - деді Фариза Муканова.

Бағдарламаның артықшылықтары қандай деп ойлайсыз?

«Таңдалған мәселенің, қызмет саласының қызметте жүзеге асыру үшін маңызды екендігіне көз жеткізуге көмектеседі. Өзін жақсы маман ретінде тануға және көрсетуге мүмкіндік береді, себебі тағылымдама барысында адамның жеке және іскерлік қасиеттері, оның оқу қабілеті, коммуникабельділігі, тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі анықталады. Тағылымдама мәселесі бойынша озық тәжірибе алуға, белгілі бір салада алған тәжірибесін жаңартуға дайын және қабілетті кәсіби маман болуына мүмкіндік береді. Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған идеяларды сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тағылымдама сияқты кадрларды даярлау мен оқытудың бұл түрі мамандардың кәсіби дамуының ажырамас элементі болып табылады, ал ұйымның қазіргі жағдайда өз қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру қабілеті оның табыстылығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады», - дейді зерттеуші.

Қазақстанға оралғаннан кейін қандай жаңалық енгізуге дайынсыз?

«Елге оралған соң тағылымдама барысында үйренген дағдыларды өз қызметімде қолдануға тырысамын. Агроөнеркәсіптік кешен – бұл орасан зор инновациялық әлеуеті бар сала. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін бірге дамытайық! – дегім келеді. Тағылымдама барысында үйренгенім, түйгенім көп, өзге елдің мәдениетін ғана емес, барлық салаларын зерттеу арқылы өмірге деген көзқарасың өзгереді екен. Бізге осындай керемет мүмкіндік берген мемлекет басшысына, «Болашақ» бағдарламасына алғысым шексіз!

Мен жастарға жаңа нәрселерді білуден және үйренуден қорықпауға кеңес беремін, жарқын болашақ – «Болашақпен» бірге!»,- деп қорытындылады Фариза Муканова.

фото 2.jpg

фото 3.jpg

фото 4.jpg

фото 5.jpg

Мақала авторы: Мәдина Кәрімова
Халықаралық бағдарламалар орталығы
Баспасөз қызметі