Өзекті жаңалықтар мен анонстар
06/05/2022
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «AITU career EXPO 2022» көрмесіне қатыстыБүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Astana IT University ұйымдастырған «AITU Career EXPO 2022» мансап көрмесіне қатысты.
Орталық қызметкерлері көрме аясында шеберлік сабақтары мен панельдік пікірталастарға қатысты. Сондай-ақ Astana IT University студенттеріне «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу, оның ішінде тағылымдамадан өту бойынша кеңес беріп, барлық сұрақтарына жауап берді.
Еске сала кетейік, «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандықтар магистратура, докторантура, резидентурада бағдарламалары бойынша білім алып, ғылыми тағылымда
03/05/2022
Әзірбайжанда оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияландыӘЗІРБАЙЖАНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
2022 жылғы 20 сәуірде үкіметаралық гранттар аясында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Әзірбайжанда оқуға 9 адам ұсынылды. Сондай-ақ 2 адам резервтік тізімге енгізілді.
Қорытынды комиссия келесі үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша негізгі және резервтік тізімге ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді енгізді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Айта кетейік, қабылдаушы тарап
03/05/2022
Польшада оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияландыҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР АЯСЫНДА ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ
2022 жылғы 20 сәуірде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында үкіметаралық гранттар аясында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға 11 адам ұсынылды. Резервтік тізімге 2 адам енді.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу қатаң түрде регламент бойынша өтті, әрбір үміткерге келесіні анықтау үшін үш міндетті сұрақ қойылды:
27/04/2022
«Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын елдерСіздерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға болатын елдердің тізімін дайындап қойдық.
Өткен жылы біз «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру географиясын 4 жаңа елмен кеңейттік. Оларға Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді.
Стипендиаттар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің келесі мемлекетеріңде оқи алады:
Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Ирландия, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония.
26/04/2022
SUCCESS STORY | ДАНИЯР АЛДАБЕРГЕНОВАлдабергенов Данияр Сәбитұлы – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, King's College London «Онкология және фармацевтика ғылымдары» мамандығы бойынша докторант.
Данияр 1992 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта King's College London Фармацевтикалық ғылымдар институтының өмір туралы ғылымдар және медицина факультетінде докторантурада білім алуда.
Онда стипендиат фармакоэпидемиологияны (полипрагмазия), материалтану мен электрониканың соңғы жетістіктерін, соның ішінде 3D басып шығаруды фармацевтика саласында қолдануды қамтитын маңызды зерттеулерді жүргізуде.
Да
25/04/2022
Тағылымдама санаттарыБүгін «Болашақ» бағдарламасының тағылымдама санаттары мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы әңгімелейміз.
21/04/2022
«Болашақ» бағдарламасының түлегі ауыл мектебінде ағылшын тілін үйретедіБатырғалиева Гүлім Тоқатқызы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып қызмет атқаруда. Қазіргі таңда Гүлім 6 сыныпта 80-нен астам оқушыға ағылшын тілін үйретеді.
«Менің ойымша, барлық балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндіктері болуы керек. Мақсатым – білімге деген қызығушылықты оятып, ауылда оқитын балаларға ағылшын тілінде еркін сөйлесуге үйрету», – дейді ұстаз.
Гүлім Тоқатқызы 2021 жылы АҚШ-та Джорджия университетінде ағылшын тілі және әлем тілдерін екінші шет тілі ретінде оқыту ...
20/04/2022
40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасының тізіміне кірдіБиылғы жылы еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде, «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды. Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.
Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі ...