Жарияланған күні:

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жыл сайынғы 19-шы Дүниежүзілік білім беру форумы шеңберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті. Іс-шараға 30-дан астам стипендия иегері қатысты.

Министр студенттеге ғылым мен жоғары білімнің жаңалықтары туралы айтып, оларды осы өзгерістерге белсене қатысуға шақырды.

«Мен өзіміздің жас ғалымдардың елге оралып, қазақстандық ғылым сапасын көтереді деген сенімдемін. Қазірден бастап сіздерді жоғары оқу орындардың ғылыми-технологиялық жобаларына ассистент ретінде қатысып, ғылыми-зерттеу топтарына қосылуға шақырамын», - деп атап өтті министр.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов стипендиаттарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара қатысушылары еліміздің ғылым мен жоғары білімін дамыту бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын жетілдіру, стипендиат мәртебесін көтеру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Министр барлығын мұқият тыңдап, барлық ұсынысты назарға алды.

встреча 1.jpg

встреча 2.jpg