Жарияланған күні:

ПОЛЬШАНЫҢ ЖОО-ЛАРЫНА ТҮСУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

Қазақстан мен Польшаның үкіметаралық келісімдері шеңберінде Польшаның жоғары оқу орындарына түсуге ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды. Еліміздің азаматтары Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқи алады.

Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне келесі үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Конкурстық комиссия негізгі тізімге 11 үміткерді, резервтік тізімге 2 үміткерді енгізді.

Әңгімелесу қатаң түрде регламентке сәйкес өтіп, әр үміткерге келісіні анықтау үшін міндетті үш сұрақ қойылды:

  • мамандықты саналы таңдау мен ынтасының деңгейі;
  • оқудағы немесе таңдаған мамандық саласындағы теориялық білім мен жетістіктер деңгейі;
  • ойлау логикасы, сөйлеу сапасы, жеке қасиеттер мен жағдаяттық мәселелерді шешу дағдыларының деңгейі.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы қорытынды шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, үкіметаралық гранттарды тағайындаудың конкурстық іріктеуіне қатысуға арналған өтінімдерді қабылдайды. Үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтар Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін білім алады.

Тізім Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында және телеграмм арнасында жарияланған.

Тізім