Жарияланған күні:
ГФР СІМ өкілдері – ғылым, білім және зерттеулер саласында сыртқы саясат мәселелері жөніндегі уәкілетті Вито Чечере, Қазақстандағы Германия Елшілігінің бірінші хатшысы Мехтхильд Зассе Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесіне барды.
Келіссөздер жүргізу барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарының тізімін, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін зерттеу орталықтарының тізбесін кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
«Германияда жоғары білім тегін. Бағдарлама стипендиаттардың тұру, тамақтану және ұшу билеттерімен байланысты шығынды қана қамтиды. Бұл бюджет қаражатын едәуір үнемдейді. Сондықтан да бізге жоғары оқу орындарының географиясын кеңейту маңызды. Биыл «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне 17 жетекші неміс жоғары оқу орны кірді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов.
Кездесу соңында екі тараптың өкілдері жүргізілген келіссөздер жоғары білім саласында өзара тиімді серіктестік қатынасты нығайту мен одан әрі дамытуға ықпал ететін болады деп атап өтті