Жарияланған күні:
Лондонда өткен 19-шы Дүниежүзілік білім беру форумының шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов бірқатар жетекші британдық жоғары оқу орындарымен кездесті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының жеңілдік санатындағы стипендиаттары үшін тілдік курстарды ұйымдастыру, отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдаманың академиялық оралымдылығы жөнінде мәселелер талқыланды.
Дүниежүзілік білім беру форумы – бұл, бүкіл әлемнің білім беру саласындағы жетекші сарапшыларын бір алаңға жинайтын ауқымды іс-шара. Биыл бұған 118 елдің сарапшысы қатысты.
Бұған қоса, Лондонда британ жоғары оқу орындарында оқып жатқан болашақшылардың кездесуі өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Олжас Сәкенов және «Болашақ» бағдарламасының 30-ға жуық стипендиаты қатысты. Қатысушылар отандық ғылым мен жоғары білім жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ «Болашақ» стипендиялық бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.