Өзекті жаңалықтар мен анонстар
30/10/2025
Айбар Серик, «Болашак» бағдарламасының түлегі, Komatsu Central Asia компаниясының продакт-менеджері және қолданбалы инженеріАйбар Серік — «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. Ол Ұлыбританиядағы Йорк университетінде «Инженерлік менеджмент» (MSc Engineering Management) мамандығы бойынша магистратураны табысты тәмамдаған.
Бүгінде Айбар Komatsu Central Asia компаниясында өнім менеджері және қолданбалы инженер қызметін атқарып, басқарушылық пен техникалық бағыттарды ұштастырып келеді. Ол зауыт пен дилерлер арасындағы өзара байланысты тиімді ұйымдастырады, тапсырыс берушілермен тұрақты байланыс орнатып, өндірістік жағдайларды талдау мен оңтайландыру арқылы клиенттердің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Бұғ
29/10/2025
Қазақстан мен Гонконг: инженерия мен цифрлық технологиялар бағытындағы «Болашақ» мүмкіндіктері2025 жылғы 23–27 қазан аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Гонконг қаласына (Арнайы әкімшілік аудан) жұмыс сапарымен барып, академиялық және технологиялық орта өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сапар барысында Hong Kong University вице-президенті профессор Jay Siegel және City University of Hong Kong вице-президенті профессор Wen Jung Li-мен келіссөздер жүргізіліп, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар ғылыми тағылымдамалар бағытындағы серіктестікт
24/10/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы Республика күнін салтанатты түрде атап өтті25 қазан – Республика күніне орай «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мерекелік жиын өтті. Іс-шара еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты символына айналған мерекеге арналған рухты да әсерлі форматта ұйымдастырылды.
Жиынды Басқарма төрағасы Әділ Құсманов ашып, барша ұжымды айтулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде ол:
«Республика күні – бұл біздің тәуелсіз ел ретінде қалыптасқан рухымыздың, елдік санамыздың және біртұтас болашағымыздың мерекесі. Қазақстанның интеллектуалды әлеуетін арттыруда, жас буынды әлемдік білім кеңістігіне шығару ісінде біздің Орталықтың атқарып отырған рөл
20/10/2025
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде өткен ғылыми семинарда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Құсмановтың баяндамасы17 қазан күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі адами капиталдың дамуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен бір топ студенттер қауымы қатысты. Қатысушылардың қатарында құрметті қонақ ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Миратұлы Құсманов болды.
Өз сөзінде Әділ Құсманов Орталықтың қызметі, «Болашақ» бағдарламасы және «Ғылыми тағылымдамалар» жобасының мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Ол жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүй
19/10/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшедіНазар аударыңыз!
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшеді.
Жұмыс уақыты: 08:00–17:30
Түскі үзіліс: 12:30–14:00
Орталыққа келу немесе байланыс жасау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша біз әрқашан байланыстамыз және қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға дайынбыз.
Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
16/10/2025
Зинат Абдрахманова – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкеріЖас ғалым АҚШ-тың Duquesne University университетінде «Денсаулық сақтау менеджменті» бағыты бойынша тағылымдамадан өтіп, «Mental Health Problems in Modern Society» жобасы аясында қазіргі қоғамдағы психикалық денсаулық пен жұқпалы емес аурулар мәселесін терең зерттеді.
Тағылымдама кезеңінде ол екі ғылыми мақала жариялап қана қоймай, америкалық ғалымдармен бірлесе отырып, «Decolonization Resilience» атты ғылыми еңбекті әзірледі.
Бұдан бөлек, Зинат медициналық қызметкерлердің психикалық денсаулығын қолдау және кәсіби күйзелістің алдын алу мақсатында жасанды интеллектіге негізделген ғылыми жоба ә
14/10/2025
«Болашақ бағдарламасының Амбассадоры» жобасына өтінімдер қабылдау басталды«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жүрген Стипендиаттар арасынан амбассадорлар желісін қалыптастыруды көздейтін «Болашақ бағдарламасының Амбассадоры» жобасын бастады.
Амбассадорлар – стипендиаттар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қоғам арасындағы сенімді көпір қызметін атқарады.
Жобаның негізгі мақсаты:
Бағдарлама қатысушылары мен Орталық арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету;
Шетелдегі «Болашақ» бағдарламасының оң имиджін нығайту;
Жаңа студенттердің бейімделуіне қолда
10/10/2025
ЕҰУ-да «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» халықаралық бағдарламаларының өзекті тетіктері талқыландыБүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақпараттық брифинг өткізіп, «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жаңартылған мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесуге Орталықтың Құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Ақбота Стаева қатысып, бағдарламалардағы жаңа бағыттар мен талаптар туралы баяндама жасады. Ол қазіргі таңда халықаралық білім беру тек жеке мансап үшін емес, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырудың басты құралы екенін атап өтті.
«Бүгінгі «Болашақ» стипендиясы мен «Ғылыми тағ