Жарияланған күні:

«Болашақ бағдарламасының Амбассадоры» жобасына өтінімдер қабылдау басталды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жүрген Стипендиаттар арасынан амбассадорлар желісін қалыптастыруды көздейтін «Болашақ бағдарламасының Амбассадоры» жобасын бастады.

Амбассадорлар – стипендиаттар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қоғам арасындағы сенімді көпір қызметін атқарады.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Бағдарлама қатысушылары мен Орталық арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету;

  • Шетелдегі «Болашақ» бағдарламасының оң имиджін нығайту;

  • Жаңа студенттердің бейімделуіне қолдау көрсету;

  • Оқу елдерінде ақпараттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 қазанға дейін (қоса алғанда).

Назар аударыңыз: Жобаға қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде академиялық оқуда жүрген «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары ғана қатыса алады.

Жобаға ниет білдіруші «Болашақ» бағдарламасының Стипендиаттары толық ақпаратты өздерінің кураторларынан нақтылай алады.