Жарияланған күні:

Айбар Серик, «Болашак» бағдарламасының түлегі, Komatsu Central Asia компаниясының продакт-менеджері және қолданбалы инженері

Айбар Серік — «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. Ол Ұлыбританиядағы Йорк университетінде «Инженерлік менеджмент» (MSc Engineering Management) мамандығы бойынша магистратураны табысты тәмамдаған.

Бүгінде Айбар Komatsu Central Asia компаниясында өнім менеджері және қолданбалы инженер қызметін атқарып, басқарушылық пен техникалық бағыттарды ұштастырып келеді. Ол зауыт пен дилерлер арасындағы өзара байланысты тиімді ұйымдастырады, тапсырыс берушілермен тұрақты байланыс орнатып, өндірістік жағдайларды талдау мен оңтайландыру арқылы клиенттердің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Бұған дейін Айбар тау-кен техникасының сенімділігін қамтамасыз ету инженері болып жұмыс істеген. Бұл қызметте ол Mine Maintenance май зертханасының үздіксіз жұмысын бақылап, карьер ішіндегі жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған командалық жобаларға қатысқан.

Айбар Серіктің кәсіби жолы — шетелде алынған білім мен тәжірибенің Қазақстанда табысты қолданылуының жарқын үлгісі. Өз ісіне адалдығы мен үнемі даму ұмтылысының арқасында ол еліміздің өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосып, инженерлік менеджмент пен өндірістік тиімділікті арттырудың заманауи тәсілдерін енгізіп келеді.