Жарияланған күні:

Қазақстан мен Гонконг: инженерия мен цифрлық технологиялар бағытындағы «Болашақ» мүмкіндіктері

2025 жылғы 23–27 қазан аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Гонконг қаласына (Арнайы әкімшілік аудан) жұмыс сапарымен барып, академиялық және технологиялық орта өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сапар барысында Hong Kong University вице-президенті профессор Jay Siegel және City University of Hong Kong вице-президенті профессор Wen Jung Li-мен келіссөздер жүргізіліп, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар ғылыми тағылымдамалар бағытындағы серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Бұл өз кезегінде қазақстандық ғалымдар мен «Болашақ» стипендиаттарына инженерия, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар салаларында алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізуге жол ашады.

Сондай-ақ сапар аясында Гонконгтың жетекші цифрлық технологиялар орталығы – Cyberport басшылығымен кездесу өтті. Экономиканы цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бұл орталықпен әріптестік мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесу барысында қазақстандық стартаптар мен инновациялық жобалардың Cyberport акселерациялық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ гранттық және венчурлік қолдау алу тетіктері талқыланды.

Әділ Құсмановтың Гонконгке жасаған бұл сапары халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығын нығайтып, жетекші университеттер мен технологиялық орталықтармен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg