Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

29/08/2023

ЕРЛАН КАРИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты т

Толық оқу
бөлісу

28/08/2023

2023 ЖЫЛҒЫ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін қазақстандық зерттеуші университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ұз

Толық оқу
бөлісу

24/08/2023

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ - 2023 ФОРУМЫ

Жоғары білім және ғылым – 2023 форумы аясында ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Қазақстанда бар ғылыми бағыттарды дамыту және жаңа ғылыми бағыттарды құру мақсатында озық білім трансфертін қамтамасыз ету үшін Split бағдарламаларын енгізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық стипендиясы негізінде Қазақстанның білім беру жүйесіне Split PhD моделін кезең-кезеңімен енгізу Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлауды жеделдететінін атап өтті. «Болашақ» бағдарламасы алдына жаңа міндеттер қойып, Split PhD шеңберінде әзірлемелерде қазақстандық компоненттерді арттыруғ

Толық оқу
бөлісу

23/08/2023

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ

Кездесуге "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлектері онлайн және оффлайн форматта қатысты.

Жиын барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Олжас Сәкенов 2019 жылғы іріктеу тәжірибесі туралы айтып берді.

Кездесу барысында түлектердің өзекті сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Азамат Жолманов және Ерлан Әбіл жауап берді.

Сондай-ақ жоба талантты жастар үшін әлеуметтік лифтпен қатар, мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға зор мүмкіндік беретіні туралы айтылды.

Биыл құжаттарды қабыл

Толық оқу
бөлісу

23/08/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ ПОРТУГАЛИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

23 тамызда Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Португалия Елшісі Мария де Фатима Мендешпен (Maria de Fátima Mendes) кездесті.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасына енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді. Қатысушылар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Толық оқу
бөлісу

21/08/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ИСПАНИЯ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Испания Елшісінің орынбасары Биатрис Муньос ханыммен (Beatriz Muñoz) кездесті.

Биатрис ханым Елшіліктің орталықпен ықтимал ынтымақтастық және оның даму перспективалары жайлы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Испанияда 4 қазақстандық білім алуда.

Барлық мамандықтар бойынша академиялық оқуға арналған жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 4 (төрт) испандық жоғары оқу орындары бар.

Олар: Universitat de Barcelona, Autonomous University of Barcelona, Complutense University of Madrid, University of Nava...

Толық оқу
бөлісу

17/08/2023

ДИАСПОРАЛАР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ФОРУМ

«Қазақстан үшін диаспоралар мен тәжірибенің өзгермелі рөлі: тұрақты экономикалық және әлеуметтік-мәдени әсерге қол жеткізу үшін тиімді коммуникациялар құру»

Бүгін Алматыда өткен форумның бірінші күні аяқталды. Диаспора өкілдері арасында да, Қазақстан азаматтары арасында да қазақстандық диаспоралық саясатты және көші – қон жолының күрделілігін түсінуді тереңдету қажеттілігі білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға, жалған ақпараттың азаюына және өзара сенімді қалыптастыруға алып келетін басты алғышарттардың бірі болып табылады, бұл, сайып келгенде, диаспораның өзара іс-қимылының нәтижелілігін ар

Толық оқу
бөлісу

16/08/2023

ҮНДІСТАН ЕЛШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ

Кездесуге ҚР-дағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Санджай Веди және ҚР-дағы Үндістан елшілігінің екінші хатшысы Дигвиджай Патил қатысты.

"Болашақ" бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамалар аясындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Үндістанда "Қазақстандағы білім бері күндеріі" көрмелерін өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімінің қолданыстағы редакциясында Үндістан Республикасының 2 жоғары оқу орны бар:

  1. Indian Institute of Science

  2. Indian Institute o...

Толық оқу
бөлісу