Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

13/12/2022

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ: ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕКІТІЛДІ

«Болашақ» үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтіп отыр. 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады.

«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Аталған өзгер

Толық оқу
бөлісу

12/12/2022

STIPENDIUM HUNGARICUM СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ МАЖАРСТАН ЖОО-ЛАРЫНА ТҮСУГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Құжат қабылдау 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін өтеді. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

Үкіметаралық келісімдер аясында Мажарстан тарапынан бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 250 грант бөлінді.

«Қазақстандықтарға Мажарстанның 28 жетекші университеті ұсынылады. Оқу мажар немесе ағылшын тілінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы жыл сайын үкіметаралық гранттар аясында Қазақстан азаматтары үшін Еуропа мен Азия

Толық оқу
бөлісу

09/12/2022

Әнуар Жанғозин «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумында сөз сөйледі

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен өткен «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумына қатысты.

Әнуар Жанғозин өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасының трансформациясы және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бағдарламаны қайта бағдарлау процесі басталды. Болашақ» бағдарламасын жетлдіру – тұрақты процесс. Басты міндеті - ел дамуының негізгі бағыттары үшін кадрлық әлеуетті дамыту»,-...

Толық оқу
бөлісу

07/12/2022

МАЖАРСТАН ЖОО-ЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 250 ГРАНТ БӨЛДІ

Мажарстан қазақстандықтарға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін 250 білім беру грантын ұсынатын болады. Бұл Қазақстан мен Мажарстан арасында жасалған келісімдердің арқасында мүмкін болды.

Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы жылғы 12 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

«Биыл үкіметаралық келісімдер шеңберінде бөлінген гранттар бойынша конкурстық іріктеудің ережелер

Толық оқу
бөлісу

06/12/2022

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯСЫ ҚҰРАМЫНА ЕНДІ

Арай Ильясова-Шенфельд - «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік ЖОО-ларының бірі – Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды, 2017 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

Биыл жас ғалымды Times Higher Education World University Rankings атты әлемнің үздік жоғары оқу орындарының беделін жаһандық зерттеуіне ғалым және сарапшы ретінде қатысуға шақырды. Университет жетістіктерінің деңгейі жаһандық сарапшылар сауалнамасының нәтижесі, статистикалық талдау және т.б. негізінде бағаланады.

«Мені басылымдарым

Толық оқу
бөлісу

05/12/2022

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АЛТЫНАЙ ҚАЙДАРОВА ИТБАЛЫҚТАРДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН КӨПФУНКЦИЯЛЫ СЕНСОРЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Алтынай Қайдарова, «Болашак» түлегі, техника ғылымдарының докторы, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының аға ғылыми қызметкері, әріптестерімен бірге теңіз жануарларын бақылауға арналған арнайы көпфункциялы және созылмалы хабаршыларын әзірлеумен айналысады. Сенсорлар жануарлардың дене температурасын, тіпті олардың қоршаған ортадағы күйзеліс деңгейі мен жылдамдығын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған әзірлемесінің көмегімен сирек кездесетін сүтқоректілердің өмір ұзақтығына әсер ететін қоныс аударуы туралы мәліметтер алынатын болады.

«Осы сенсорлар графеннен жасалған, ...

Толық оқу
бөлісу

30/11/2022

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші француз ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші француз ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Лион қалыпты жоғары мектебімен, Гренобль политехникалық институтымен, Бордо саяси зерттеулер институтымен, сондай-ақ Synchrotron SOLEIL, International Institute of Nuclear Energy ғылыми орталықтарымен келісімге қол қойылды.

Келісімдер мамандарды «Болашақ» бағдарламасымен Францияда дайындау бойынша білім беру жобаларын іске асыруды, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуін қам

Толық оқу
бөлісу

28/11/2022

Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Халықаралық бағдарламалар орталығында Бельгияның үздік ЖОО-ларының бірі - Ghent University өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде қазақстандықтардың «Болашақ» бағдарламасымен академиялық білім алуы, отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалардан өтуі жөніндегі Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында тараптар бірлескен халықаралық білім беру жобалары саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Толық оқу
бөлісу