Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНА UNIVERSITY OF GLASGOW ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ХБО кеңсесінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтың Dr Guillaume Tiberghien, Glasgow университетінің Әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық мектебінің өкілімен кездесуі өтті.

Қазіргі уақытта ЖОО-да 27 стипендиат оқиды. Оның ішінде Education, Sustainable tourism and global challenges, Management, Finance, Public policy, Biomedical engineering, Mechanical engineering, Medicine, Cancer research және т. б. мамандықтар бойынша 16 магистрант және 11 докторант бар.

Орталық басшысы Олжас Сәкенов халықаралық бағдарламаның 30 жыл ішінде қандай жетістіктерге жеткенің және түлектерінің Қазақстанның өркендеуіне қосып жатқан үлестері туралы айтып берді.

Кездесу соңында стратегиялық серіктестер алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады.

Анықтама: Glasgow University — Глазго қаласында орналасқан Ұлыбританиядағы төртінші және Шотландиядағы ең ірі университет.. 1451 жылы Булла Николай V. Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің беделді тобы "Russel Group" құрамына кіреді . Университет бірқатар белді тұлғалармен елге танымал. Олар Нобель сыйлығының лауреаттары, Ұлыбританияның үш премьер-Министрі, Шотландияның бірінші министрі, Экономика ғылымының әкесі Адам Смит, инженер Джеймс Уотт, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылардың бірі Джеймс Уилсон болып табылады.