Жарияланған күні:

МАЛАЙЗИЯДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен Xiamen University, Malaysia компаниясымен келіссөздер аясында ЖОО-мен орталық арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум жасалды.

Меморандум шеңберінде малайзиялық тарап Қазақстан азаматтарына арналған "бакалавриат" және "Foundation" (бакалавриат – 5, Foundation – 5) бағдарламалары бойынша оқуды(Full tuition fee waiver) толық қамтитын 10 грант бөлді.

Scimago Institutions Rankings 2023 мәліметтері бойынша, Xiamen University әлемдегі 142-ші орында, ал Academic Ranking of World Universities рейтингіне сәйкес-151-ші орында.

Academic Ranking of World Universities by subject рейтингі бойынша.

  • 21 орын – "Oceanography"
  • 27 орын – "Hospitality & Tourism Management"
  • 35 орын – "Chemistry"
  • 46 – «Nanoscience & Nanotechnology»

Xiamen University, China жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізіміне енгізілген.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Құжаттарды электрондық мекенжайға жіберу қажет: GRANTSMALAYSIA.EDU@gmail.com

1.png