Жарияланған күні:
Бүгін Ұлыбритания Елшілігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ұлыбританияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесуге British Council өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Ұлыбританияда 481 адам білім алуда. Ал 32 жоғары оқу орны «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға арналған тізімде. Мысалы, Cardiff University, Durham University, Lancaster University, London School of Economics and Political Science, Newcastle University және т.б. Стипендиаттар арасында ең танымал мамандықтар ретінде «Урбанистика. Сәулет. Қалаларды басқару. Тұрақты қалалар», «Халықаралық құқық және қауіпсіздік», «Жобаларды басқару» болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір «Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі жалғасуда. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.