Өзекті жаңалықтар мен анонстар
28/11/2022
Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыландыХалықаралық бағдарламалар орталығында Бельгияның үздік ЖОО-ларының бірі - Ghent University өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде қазақстандықтардың «Болашақ» бағдарламасымен академиялық білім алуы, отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалардан өтуі жөніндегі Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында тараптар бірлескен халықаралық білім беру жобалары саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.
22/11/2022
«Болашақ» түлегі Нұрбек Еңсебаевтің бірегей әзірлемелері: зағип жандар үшін биолокатор және арбамен жүретін адамдарға экзоскелетИнженер-энергетик Нұрбек Еңсебаев пен оның SEZUAL командасының бірегей технологиялары зағип жандарға көруге, арбамен жүретін адамдарға жүруге және көлік жүргізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз бетімен шет тілдерін үйренуге және сауат ашуға мүмкіндік береді. Технологиялар Еуропа Кеңесінің үздік инновациялары қатарына еніп, БҰҰ WSA 2022 сыйлығының 3 үздік номинациясының иегері атанды.
«Болашақ» бағдарламасының арқасында ең батыл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. SEZUAL командасының мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру. Технология
14/11/2022
«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН БАҒДАРЛАМА ЖАСАП ШЫҒАРДЫЖетісу облысы Жансүгіров ауылындағы орта мектеп мұғалімі Бақытгүл Бейсетбаева ағылшын тілін үйретудің авторлық оқу құралын жасап шығарды.
Бақытгүл Ұлыбританияның үздік жоғары оқу орны – Рединг университетінің магистратурасын «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша тәмәмдады. Шетелде оқуын аяқтағаннан кейін жас педагог туған ауылына оралды. Қазір ол ауыл мектебінде ұстаздық етеді.
Бақытгүл 14 жылдан бері қазақ және орыс сыныптарына ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп қана қоймай, көптеген оқу құралдарын зерттеген. Әрі ауыл балаларына ағылшын тілін үйретудің авторлық әдістемелік құралын жасап ...
11/11/2022
«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ – ҒАЛЫМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАСЫН ОЙЛАП ТАПТЫТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев ғалымдармен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі. «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, бірнеше данасын сынақтан да өткізіп үлгерген.
Қазақстандық ғалым өнертабысының көмегімен шаруалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ол отын шығынын 3 есеге төмендетеді, газдардың атмосфераға шығуын 2-3 есе азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Инновациялық құрылғының Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде аналогы жоқ.
Нұрлыбай Манабаев «Болашақ» бағдарламасымен К.А.Тимирязев атынд
07/11/2022
«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АЗАМАТ ОРАЗАЛИНОВ ҚАЗАҚСТАНДА БІРЕГЕЙ ХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЙДЫОташы-дәрігер Азамат Оразалинов әріптестерімен бірге туа біткен патологиядан зардап шегетін 10 жастағы қызға күрделі ота жасады. Қазақстанда тұңғыш рет отаның жаңа түрі – толық қос бүйрекке лапароскопиялық геминефруретерэктомия жасалды. Қосарланған бөлік тіліксіз, тіндерді зақымдамай, бес миллиметр шағын тесік арқылы алынып тасталды. Оташылар баланың бүйрегі мен зәр шығару жүйесін сақтай алды. Қазақстанда мұндай ота балалар тәжірибесінде алғаш рет орындалды.
Азамат «Хирургия» мамандығы бойынша Оңтүстік Кореяда ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазіргі кезде ол №2 Көпбейінді қалалық балалар аурухана
05/11/2022
«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА – 29 ЖЫЛ«Болашақ» стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада құрылған. Президенттік стипендия жүзеге асырылған 29 жыл ішінде 11 мың 800-ден астам жоғары білікті маман даярланды. Бағдарлама түлектері экономиканың әр түрлі секторларында еңбек етіп жүр.
Білім саласы үшін «Болашақ» бағдарламасымен мыңнан астам кадр дайындалды. Олар әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді, білімі мен тәжірибесімен бөліседі, оның ішінде ауылдық жерлерде де қызмет атқарады.
900-ге жуық түлек денсаулық сақтау саласында қызмет етеді және жыл сайын ондаған мыңнан астам күрделі кардио- және нейрохирургиялық ота жасайды, ж
03/11/2022
400-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП ЖАТЫР400-ден астам қазақстандық ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында үздік шетелдік ЖОО-лар мен әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында «Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр.
Отандық ғалымдар бағдарлама шеңберінде әлемнің 24 елінен 148 жетекші ғылыми орталықта, ЖОО мен салалық ұйымда зерттеудер жүргізуде. Қазақстандықтардың таңдауы көп түсетін елдердің қатарында – АҚШ пен Ұлыбритания. Ғалымдар Колумбия университеті, Лондондағы Империал колледжі, Джон Хопкинс университеті, Макс Планк институты және т.б. жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
«Қазақстандық ғалы
01/11/2022
Әнуар Жанғозин американдық ЖОО-лардың өкілдерімен кездестіХалықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Michigan State University, George Washington University, Purdue University, Rochester Institute of Technology және т.б. жетекші американдық ЖОО-лармен онлайн кездесті. Кездесу Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өтті. Жалпы оған АҚШ-тың 20-ға жуық университеті қатысты.
«500 ғалымға арналған тағылымдама» жобасы аясында ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды. Бүгінде аталған жоба арқылы АҚШ-та 120-ға жуық еліміздің азаматы ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Әнуар Жанғозин қазіргі кезде ғалымдарды жаңадан іріктеуді өткі