Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик, саяси бөлімнің басшысы Ян Себек және саяси бөлімнің жетекші сарапшысы Ғалия Нұркеновамен кездесу өткізді.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. «Болашақ» бағдарламасы аясында біздің түлектер Оңтүстік Кореяның Andong National University; Catholic University of Korea; Chung-Ang University; Hankuk University of Foreign Studies; KAIST - Korea Advanced Institute of Science & Technology KD Global training center; KD Medical Research Center; Korea Advanced Institute of Science and Technology; Korea Research Institute of Bioscience & Biotechnology; Saekyung Itech Co. LTD; Seoul National University; Sungkyunkwan University; Yonsei University сияқты мықты ЖОО-ларын аяқтады.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының жаңалықтары туралы айтты. Сондай-ақ, ғылыми тағылымдамалар жобасын (500 ғалым) таныстырды.

Елші Чжо Тэ-ик екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті.