Жарияланған күні:
Жоғары білім және ғылым – 2023 форумы аясында ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Қазақстанда бар ғылыми бағыттарды дамыту және жаңа ғылыми бағыттарды құру мақсатында озық білім трансфертін қамтамасыз ету үшін Split бағдарламаларын енгізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық стипендиясы негізінде Қазақстанның білім беру жүйесіне Split PhD моделін кезең-кезеңімен енгізу Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлауды жеделдететінін атап өтті. «Болашақ» бағдарламасы алдына жаңа міндеттер қойып, Split PhD шеңберінде әзірлемелерде қазақстандық компоненттерді арттыруға баса назар аударады.
Бүгінгі таңда "докторантура" бағдарламасы бойынша 157 стипендиат білім алуда. Атап өтсек:
Бірінші кезең докторанттарды: базалық ЖОО-да үш жыл оқу, қазақстандық ЖОО-да эксперименттік және зерттеу қызметін жүргізуге бір жыл оқу схемасы бойынша даярлауды білдіреді. Екінші кезең мүдделі қазақстандық ЖОО-лардың білім беру процесіне интеграцияланатын болады және стипендиатты екі жоғары оқу орнында, базалық-шетелдік ЖОО-да және Қазақстандық серіктес ЖОО-да "2+2" схемасы бойынша оқытуды, одан кейін екі ЖОО-ның дипломдарын беруді көздейді.