Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ИСПАНИЯ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Испания Елшісінің орынбасары Биатрис Муньос ханыммен (Beatriz Muñoz) кездесті.

Биатрис ханым Елшіліктің орталықпен ықтимал ынтымақтастық және оның даму перспективалары жайлы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Испанияда 4 қазақстандық білім алуда.

Барлық мамандықтар бойынша академиялық оқуға арналған жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 4 (төрт) испандық жоғары оқу орындары бар.

Олар: Universitat de Barcelona, Autonomous University of Barcelona, Complutense University of Madrid, University of Navarra.

Қызықты ақпарат: 30 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында 30 түлек Испания елінде білім алған.

фото.jpg