BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

03/08/2023

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар аясында Қырғызстанның ЖОО-ларында оқуға ұсынылған қазақстандықтардың тізімі жарияланды.

Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне мынадай үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша орташа балы ең жоғары үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Қорытынды комиссия оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне 2 кандидатты қосты.

Білім беру грантын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

02/08/2023

БІЛІМ БЕРУ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

Бүгін «Шетелдегі қазақстандықтардың білім беру көші-қоны және зияткерлік әлеуетін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа түрлі сала мамандары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында білім беру көші-қоны саласындағы процестерді мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесін жетілдірудің басым бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып жатқаны туралы сөз қозғалды.

Толық оқу
бөлісу

02/08/2023

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Астанада ХБО басшысы Олжас Сәкенов пен "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаеваның қатысуымен екі жақты меморандумға қол қойылды. Меморандум «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқыған кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Бірқатар іс-шаралар ғылыми орталық қызметкерлері үшін ақпарат беруге, ғылыми тағылымдама түлектеріне практикалық тәжірибе алуға және тұтастай алғанда отандық денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Аны

Толық оқу
бөлісу

01/08/2023

ТӘЖІКСТАНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2023-2024 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша — 100 орын.

Оқу тілі – орыс тілі.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын стипендия.

Ескертеміз!!! Қалған шығынды, оның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пак

Толық оқу
бөлісу

31/07/2023

«IDP IELTS KAZAKHSTAN» МЕН ХБО АҚ МЕМОРАНДУМЫ НЕ БЕРЕДІ?

Екіжақты келісімнің негізгі мақсаты «IDP IELTS Kazakhstan»-ның ХБО АҚ «Болашақ» бағдарламасының кандидаттарына тестке тұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңінде квоталар беруге дайын екендігі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін мыналар ұсынылады:

1. Сыйлық ретінде IELTS-ке дайындық бойынша 3 курс:

  • Macquarie University(барлық 4 секцияға 4 күн немесе 1 секцияға 30 күнге қолжетімділік).
  • Privilege course (4 секцияға 4 академиялық сағаттан 5 күн).
  • Preparation course from IDP IELTS Kazakhstan.

2. Mock Speaking test with feedback (ауызша кері байланыс сынағы).

3. www.iel...

Толық оқу
бөлісу

26/07/2023

Қырғызстанда білім алу: ынтымақтастықты нығайту

Халықаралық бағдарламалар орталығы Қырғыз Республикасымен үкіметаралық гранттар бойынша жұмысты жүзеге асырып келеді. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгін Қырғыз Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүшекеевтің қатысуымен Қырғызстанда «Қазақстандық білім беру күндері» көрмесін өткізуге қатысты кездесу өтті.

Кездесуде не айтылды? Елшілік ҚР ЖОО-ның Қырғызстандағы көрмесін өткізуге және ұйымдастыруға, сондай-ақ Қырғызстан мен ҚР арасындағы басқа да бірлескен білім беру бағдарламаларын ілгерілетуге толық қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді....

Толық оқу
бөлісу

26/07/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін біздің орталық пен «Тау-Кен Самұрық» компаниясы арасында тау-кен саласы үшін кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«ХБО» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» тау-кен компаниясы «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастырумен байланысты мәселелерде ынтымақтастықты, оның ішінде кадрлардың біліктілігін арттырудағы өзара іс-қимылды дамытуды жоспарлап отыр.

Осылайша құрылған жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жұмыстарының арқасында Ұлыбританияның, Австралияның және АҚШ-тың үздік әлемдік жоғары оқу орындарында Mining...

Толық оқу
бөлісу

26/07/2023

Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы 2023 жылғы «Бос орындар жәрмеңкесі» аясында өткен кездесуге қатысты

2023 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында Қазақстандағы Қытай Бас сауда палатасы мен ҚХР түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы бірлескен ұйымдарының гибридті форматта ҚР және ҚХР ЖОО түлектерінің 2023 жылғы «Бос орындар жәрмеңкесі» аясында қытайлық кәсіпорындармен кездесу өтті. «Бос орындар жәрмеңкесі» өз алаңында бос жұмыс орындарын ұсынған 21-ден астам компанияны жинады.

Кездесуде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Олжас Сәкенов құттықтау сөз сөйледі.

Олжас Берлесұлы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Қазақстандағы Қытай кәсіпорындары

Толық оқу
бөлісу