Жарияланған күні:

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Астанада ХБО басшысы Олжас Сәкенов пен "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаеваның қатысуымен екі жақты меморандумға қол қойылды. Меморандум «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқыған кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Бірқатар іс-шаралар ғылыми орталық қызметкерлері үшін ақпарат беруге, ғылыми тағылымдама түлектеріне практикалық тәжірибе алуға және тұтастай алғанда отандық денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Анықтама үшін: Салидат Қайырбекова - ҚР Денсаулық сақтау министрі, ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері, денсаулық сақтау саласының қайраткері, медицина ғылымдарының докторы С. Қайырбекова өз өмірін адамдарға қызмет етуге арнады, отандық денсаулық сақтау саласында орасан зор жұмыс жасады.

1.jpg

2.jpg