Жарияланған күні:

Олжас Сәкенов «Түркия түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен кездесті

«Болашақ» бағдарламасы арқылы қазіргі таңда Түркияда 27 қазақстандық оқуда, оның ішінде ғылыми тағылымдама бойынша өтушілер саны – 12 адам. Болашақта Асоциацияның ниеті «Türkiye Bursları» бағдарламасы мен ХБО арасында алтын көпір болу.

Одан бөлек қонақтарымыз әлеуметтік, мәдени, ғылыми, кәсіби және басқа да қарым-қатынастарды дамыту тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта біздің орталықпен ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады.

Қысқаша ақпарат: «Түркия түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі қазақстандық түлектердің бастамасымен құрылды. Олардың Миссиясы Түркияның қазақстандық түлектері арасында тиімді қарым-қатынас орнату және барлық бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында түлектерді біріктіру.

Түркия түлектері қауымдастығының президенті Асылбек Разаковтың айтуынша, 1992 жылдан бастап 5800-ден астам қазақстандық жас азамат Түркиядан стипендия-грант алған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікке мүдделі екендіктерін білдірді.

фото 2.jpg

фото 3.jpg

фото 1.jpg