BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

05/05/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ UNIVERSITY MEDICAL CENTER МЕДИЦИНА ХОЛДИНГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Олжас Сәкенов University Medical Center медицина холдингінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша жаңалықтар мен оқуға түсу мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы айтты.

«Биыл оқуға түсетіндерді қолдау және медициналық бағыттағы үміткерлердің «Болашақ» бағдарламасының академиялық бағдарламаларына қолжетімділігін арттыру үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілді. Енді қазақстандық медицина қызметкерлері 12 айға дейінгі мерзіммен тегін тілдік дайындықтан өте алады», - деп атап өтті өз сөзінде Халықара

Толық оқу
бөлісу

03/05/2023

2023 ЖЫЛЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Жыл соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың екі легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайы

Толық оқу
бөлісу

03/05/2023

ОЛЖАС СӘКЕНОВ ШВЕЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің Қазақстандағы Швеция Корольдігінің елшісі Ева Пуланомен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты, «Болашақ» бағдарламасын және отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды іске асыру туралы талқылады.

Сонымен қатар, Олжас Сәкенов Халықаралық бағдарламалар орталығының міндеттерінің бірі әлем бойынша білім беру және ғылыми ұйымдармен серіктестікті дамыту деп атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді ба

Толық оқу
бөлісу

02/05/2023

БОЛАШАҚШЫ-ЖАС ҒАЛЫМ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРДЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕП ЖАТЫР

Аяз Белқожаев «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ливерпуль университетінде биотехнология саласында ғылыми тағылымдамадан өткен.

Ұлыбританияның жетекші университетінде жас ғалым нейродегенеративті аурулармен күресу мәселесін шешу үшін маңызды зерттеулер жүргізді. Мәселен, адамның миын зақымдап, мінез-құлық, есте сақтау мен қозғалыс қабілетін бұзатын тұқым қуалайтын Гентингтон ауруын зерттеді.

Елге оралғаннан кейін ол М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында зерттеулерін жалғастырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «500 ғалым» жобасы аясында отандық ғалымдарға әлемдегі ү

Толық оқу
бөлісу

26/04/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов АҚШ - тың жетекші жоғары оқу орны - Сиракуз университетінің өкілдерімен кездесті

Тараптар қазақстандық мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында серіктестікті кеңейту және жетілдіру, оның ішінде отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларға қатысты көптеген ұсыныстар айтылды.

Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасы аясындағы жоғары оқу орындар, ғылыми-зерттеу орталықтар және отандық ғалымдардың шетелдік ғылыми тағылымдамалары географиясын кеңейту бойынша жұмысты Орталық үнемі жүргізетінін атап өтті. Бүгінгі таңда «Бо

Толық оқу
бөлісу

26/04/2023

ЖҮРЕК ҚҰТҚАРУШЫ: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ПАВЛОДАР АУРУХАНАСЫНДА КҮРДЕЛІ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЙДЫ

Мұрат Райханов Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Үздік кардиохирург болу оңай емес. Мұрат Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының резидентурасын «Кардиохирургия» мамандығы бойынша тәмәмдады.

«Болашақ» түлегі ашық жүрекке бірегей және жоғары технологиялық әдіспен оталар жасайды. Ол мыңдаған адамның өмірін құтқарып алды. Адамды ажалдан құтқару үшін оған отаны шұғыл көмекті қажет ететін жағдайларда да жасауға тура келеді.

«Клиникалық өлімге ұшыраған жүкті әйелге операция жасауға тура келді. Жасанды қан айналымын қосып, операц

Толық оқу
бөлісу

25/04/2023

Ғалым-«Болашақ» түлегі тіс эмалін қайта қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

Ғалым-«Болашақ» түлегі тіс эмалін қайта қалпына келтіретін имплант ойлап тапты «Болашақ» түлегі, PhD, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін InnoDent технологиясын ойлап тапты. Аталмыш жаңалық тіске түсе бастаған дақ түріндегі кариесті емдеуге мүмкіндік береді.

Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмалді қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеді. Оның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік береді.

Өнертапқышт

Толық оқу
бөлісу

21/04/2023

Электрондық үкімет порталында техникалық жұмыстар

Үміткерлер үшін ақпарат

Құрметті үміткерлер, 2023 жылғы 21-23 сәуір аралығында Электрондық үкімет порталында техникалық жұмыстарға байланысты «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау қызметі қолжетімсіз болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Толық оқу
бөлісу