Жарияланған күні:

Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдерімен кездесу

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Оспанованың Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы генерал-майор А.Мұстабековпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі, жоғары әскери оқу орындары, ғылыми орталықтар үшін «Болашақ» бағдарламасы және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарға «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламаларының мүмкіндіктері, конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар, іріктеу ережелері туралы жан-жақты дәріс оқылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар іс-шаралар туралы уағдаласты.

Фото.png