Жарияланған күні:

ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 11 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

2024 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады. Өтінімдер 2024 жылғы 26 наурыз сағат 9:00-ден 2024 жылғы 18 сәуір сағат 18:30-ға дейін eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн немесе Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

Қазақстандық азаматтар үшін 11 грант бөлінді:

  • «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша - 3 грант;
  • «Магистратура» бағдарламасы бойынша - 4 грант;
  • «Докторантура» бағдарламасы бойынша - 4 грант.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • докторантура бағдарламалары бойынша ай сайынғы стипендия.

Қазақстан азаматтарының «Бакалавриат», «Магистратура» бағдарламалары бойынша тұруы білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Польшаға келгеннен кейін барлық стипендиаттарда медициналық сақтандыру болуы міндетті.

Оқыту тілі – поляк тілі. Поляк тілін оқыту бойынша міндетті дайындық курстары қарастырылған.

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:
1) Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу;
2) Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі критерийлері болып табылады:
1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.

Аталған бағдарлама бойынша конкурсқа қатысу үшін NAWA бағдарламасының аппликациялық нысанын толтыру міндетті. Нысанды толтыру барысында мемлекеттік жоғары оқу орнын таңдаңыз. Мамандықтар тізімімен ЖОО сайтында таныса аласыз.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарды тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз eGov.kz, егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шала аласыз.

ЭЦҚ алғаннан кейін Сізге келесі құжаттар арқылы құжаттарды тапсыру қажет Egov.kz. Құжаттарды онлайн тапсыру нұсқаулығын келесі сілтемеден көре аласыз: youtube.com

Жіберу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазмен шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралып, 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76, ішкі: 110, 112,113,114,115.

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз adilet.zan.kz

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Ағылшын/поляк тілінде сауалнама

ҚР азаматының сауалнамасы